spot_img
spot_img

Сотталған азаматтың анасы мекеме қызметкерлеріне алғысын білдірді білдірді

Қылмыстық атқару саласына қарасты Қызылордадағы № 68 мекемесі бастығы әділет майоры Қайырбек Ильясовтың атына алғыс хат келіп түсті.

Қамауда отырған шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталған азаматтың анасы Қалдыбаева Жанар мекеме қызметкерлеріне кішіпейілділігі үшін ризашылығын білдіріп, мекеме бастығының атына алғыс хат жазды.

Ақ жаулықты ана өз хатында: Мен № 1 бақылап өткізу бекетінің бақылаушысы, әділет старшинасы Тоқжолова Ақмарал мен сәлем –сауқатты қабылдау бөлмесіндегі қызметкер әділет кіші сержанты Сақтағанов Қанатқа және жасақ бастығы Ниязов Нұрсұлтанға көрсеткен қызметтері үшін алғысымды білдіремін. Екі жылдан бері осы мекемеге келіп- кетіп жүргенде бұл қызметкерлер әрдайым кішіпейілдік танытып келеді.

Қойылған сұрақтарыма дұрыс жауап беріп, жол көрсетіп отырады.

Осы қызметкерлерді тәрбиелеп, мекеме жұмысын дұрыс ұйымдастырып отыған мекем бастығы Қайырбек Есентайұлына да зор ризашылығымды білдіремін- деп, алхыс хат жазып, аналық ақ батасын берді.

Ия, ҚАЖ қызметкері болу үшін білім де, білік те, білек те керек.

Сабыр, төзім және қажыр-қайрат қажет. Шапшаңдық пен жылдамдық, тез шешім қабылдап, жылдам әрекет ете білу қабілеті де, басты қасиеттердің қатарында.

Ұстамды болуы, азаматтармен тіл табыса білуі, сыпайы болуы да аса маңызды.

Олай болса, осы қасиеттердің барлығын бойына қалыптастыра білген тергеу изоляторының қызметкерлерінің әлі талай алғысқа бөленетіні анық.

Сотталғандармен психологиялық жұмыс: қорқыныштың алдын алу сессиясы

Абай облысындағы №21 мекемеде сотталған азаматтармен психологиялық қолдау жұмыстары...

Облыс прокуратурасының қызметкерлері жаза өтеудегі тұлғалармен кездесу өткізді

«Заң мен тәртіп» қағидаты және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-жылдық...

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мәдени іс-шара өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне...