12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

БАЛА БАҚЫЛАУСЫЗ ҚАЛМАСЫН

Мамандар соңғы кездері балалардың арасында агрессиялы көңіл-күйдің көбейіп кеткенін айтып, дабыл қағуда. Бұл мәселенің себебі мен салдары қалай? Оны қалай анықтап, балаға қалай жәрдемдесуге болады?

Агрессия бұл – физикалық, эмоциялық қысым сипатындағы күй. Агрессия эмоционалдық тепе-теңдікке қол жеткізу мақсатында, тиісті көңіл бөлінбеген жағдайда өзіндік «эгосын» көрсету барысында пайда болады. Алғашқы белгілері жасөспірімдік кезең басталғанда, шамамен, 11 жаста көріне бастайды. Ішкі фактор ретінде гормондардың әсерін, яғни үлкен болып көрінуге ұмтылыс, ата-ананың ескертпесіне ашулы көңіл-күймен қарау, жануарларға агрессия таныту белгілерін қарастыруға болады. Тіпті, бұл белгілі бір аурудың салдары да болуы мүмкін. Сыртқы фактор ретінде балалар арасындағы буллингтің жиілеуін айта аламыз.

Қазіргі таңда буллинг, кибербуллинг секілді түрлері көбеюде. 11-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің 17%-ы бір не бірнеше рет буллингті бастан кешірген. Буллингтің белгілері – қорқыту, ұру. Кей оқиғаларда өлім фактілеріне де әкеліп соғады. Қалай мектеп табалдырығын енді аттаған бала қатыгездікке үйренді? Әрине, бұған виртуалды әлем өз әсерін тигізеді. Бала смартфонындағы түрлі бейәдеп сөздері бар бейнежазбалар, атыс-шабыс ойындары арқылы жағымсыз әдеттерді бойына сіңіріп, шынайы өмірге қатігездікпен өтуі мүмкін. Қалай десек те, бала психологиясын түсіну қиын. Ольга Александрова, психиатр-дәрігер: «Шын мәнінде, балалардың жүйке жүйесі әлсіз келеді. Бала тәнінің сау болуы үшін оларды түсініп, көбірек сөйлесу қажет. Себебі, бала жауабын таба алмаған сұрақтар көп болуы мүмкін. Тағы да балалардың бос уақытын тиімді жоспарлау маңызды. Бос уақыт шамадан тыс көп болуы негативті ойлардың келуіне әкеледі. Бала – жеке бір тұлға. Оларды ести білу керек. Қазіргі таңда ата-аналардың көп уақыты қызметте өтеді, балаға көңіл бөлу азайып жатыр. Сол себепті, бала да кей жағдайда ата-анасын мойындамай жатады. Бұндай кездерде балаға шектеу қоюдың қажеті жоқ. Жалғыз шешім – қарым-қатынас. Баламен сөйлесу керек, оған деген махаббатыңды білдіру керек» – дейді. Болашақ сау қоғам өкілін тәрбиелеп отырған ата-ана ретінде баланы түсіну маңызды. Алматы қаласының отбасыларының бірінде мынадай жағдай орын алған. А. есімді қыз бала жасөспірім жасқа жеткен шақта өзіндік менін көрсете бастайды. Яғни, ата-анасы тарапынан қойылған шарттарды орындауды қаламайтынын білдіреді. Оны ата-анасы қызының бойына «шайтан кіріп кеткен» деп бағалап, молдаға апарады. Молданың «шайтанды шығару» әдісі қамшымен ұру болатын.

Тіпті, бұл әдіс бірнеше күнге жалғасқан. Қыз бала анасынан молдаға қайта апармауын өтініп, жалынады. Ата-анасы келіседі. Алайда физикалық қысымды ойына қабылдаған ол түнде әкесінің басынан балтамен ұрады, қыздың әкесі ауруханаға түсіп, аман қалды. Ал қыз бала психологиялық денсаулық орталығына түсті. Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде оқушылар арасындағы ұру, қорлау тақырыбындағы бейнежазбалар жиілеп кетті. Кейбір фактілерде өлім оқиғалары тіркелген. Балалар неге өздерінің өктемдігін мұндай әдістермен білдіре бастады? Ұрып-соғу секілді агрессия баланың отбасынан, фильмнен көрген әсерлерінен болуы мүмкін. Қолайсыз отбасында дүниеге келген бала әкесінің анасын ұрғанын көретін болса, фильм қаһармандарының ессіз қылықтар жасағанына куә болса, онда үйден жиналған жағымсыз энергияны ол басқаларға жіберу арқылы буллинг жасайды. Буллингтің тағы да бір себебі – өз артықшылығын білдіру, үйден алынбаған жылудың орнын сырттан толтыруға тырысу. Сонымен қатар буллингтің түрлері – мазақтау, ақша талап ету, бойкот жариялау, манипуляция жасау. Қазақстанда балалардың 44 %-ы құрдастары тарапынан мектепте буллингтің құрбаны болған. Буллингпен қалай күресеміз? Әрине, бұл жерде алдымен психолог мамандардың көмегі маңызды. Одан кейін отбасындағы сыйластық пен махаббат – барлық жұмбақтың шешімі.

Айзада СЕРІКОВА, Тұран университетінің студенті

Дені саудың — жаны сау!

    БҰҰ Бас Ассамблеясы 2015 жылы қабылдаған Тұрақты даму...

ҚазҰУ Заң факультеті: Қазақстандағы құқықтық білімнің флагманы

 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Заң факультеті Қазақстанның ең...

Мемлекеттік тіл мерейім!

Мемлекеттік тілге деген құрмет ауыз екі тілде қазақша таза...

Қызылорда да сотталғандар ұлттық ойыннан сынға түсті

Қылмыстық-атқару саласына қарасты №68 мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандар...

СИЛА ЖЕНЩИНЫ: ПОБЕЖДАТЬ, ВДОХНОВЛЯТЬ, ЖИТЬ

19 ноября в Алматы в рамках проекта «Розовый октябрь»...