Мүгедектер күні қарсаңында қайырымдылық

Бүгінгі таңда әлемдегі халықтың шамамен 10 пайызы мүгедек. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау, олардың проблемаларына назар аудару мақсатында, сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясының ұсынымдарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 15 маусымдағы №1224 Жарлығымен қазанның екінші жексенбісі «Мүгедектер күні» болып жарияланды. 

Қарттар мен мүгедектерге жан-жақты көмек көрсету аясында СҚО ҚАЖ Департаментінің Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері Искам Юлияға азық-түлік пакеті түрінде көмек көрсетті. Бойжеткен 2007 жылы 11 мамырда дүниеге келді, оған Даун синдромы диагнозы қойылды. Қазіргі уақытта ол 9-сынып оқушысы және үй жағдайында білім жатыр.

Юлия толық емес отбасында тәрбиеленеді. Анасы Светлана Юрченко жұмыс істемейді, себебі балаға үнемі бақылау мен күтім қажет.

Светлана Ивановна пробация қызметінің қызметкерлерін жылы қарсы алып, көрсеткен көмегі мен назарына алғысын білдірді.    

«Барлығын мүмкіндігінше жалғызбасты қарттарға, аз қамтылған отбасылардағы балаларға, мүгедектерге, жалғызбасты аналарға және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтарына кез келген көмек көрсетуде азаматтық белсенділік танытуға шақырамыз», — деп атап өтті пробация қызметінің қызметкерлері.

Ғ. Мүсірепов ат. аудандық ПҚБ

                                            аға инспекторы

                                             әділет капитаны

                                 В. Азлер      

«Әке жүрегіндегі сағыныш»: сотталғандар балаларына деген сезімдерімен бөлісті

Дүниежүзілік балалар күні қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің...

В учреждении №20 ДУИС по области Абай проведён психологический тренинг

В учреждении №20, подведомственном Департаменту уголовно-исполнительной системы по области...

Арнайы есепке алу бөлімінің қызметі

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекеменің...