Петропавлда қоғамдық жұмыстарға сотталғандардың саны азайды

Ағымдағы жылдың басынан бастап СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қаласының пробация қызметінде есепке алу бойынша 8 сотталған қоғамдық жұмыстар түрінде жазаға тартылды. Оның ішінде 5 сотталған жаза мерзімін өтеуге байланысты есептен шығарылып, қазіргі уақытта 3 сотталған есепте тұр. 

Сотталған «Б» СҚО Петропавл қалалық сотының үкімімен ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша 200 сағаттық қоғамдық жұмыстарға сотталды. Бүгінгі күні сотталған Петропавл қаласының «Тұрғын үй қызметі» ЖШС-де қоғамдық жұмыстардың тиісті сағаттарын атқаруда.

Сотталған негізінен қоғамдық пайдалы жұмыстармен, қала көшелерін тазалаумен және үй маңындағы аумақтарды жөндеумен айналысады. «Тұрғын үй Қызметі» ЖШС әкімшілігі сотталғанды оң жағынан сипаттап, оған шағымдар жоқ екенін хабарлайды.

Жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстардың арқасында сотталғандар жаза мерзімін бұзушылықтар жасамай және қоғам үшін пайдалы қызмет жасап өтейді.

СҚО бойынша ҚАЖД

Петропавл қ. ПҚБ

аға инспекторы

әділет капитаны

Шамшиев Д.

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында шахмат турнирі өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошёл шахматный турнир среди осуждённых

В учреждении максимальной безопасности уголовно-исполнительной системы по области Абай...