Қылмыстық атқару жүйесіне қарасты Қызылорда облысы бойынша № 68 мемлекеттік мекемесі (тергеу изоляторы) қызметкерлеріне тұмауға қарсы екпе егу жүргізілді.
Мекеменің жеке құрамы өзінің жұмыс орнында ОПД емхана дәрігерлерінен тұмауға қарсы тегін екпе қабылдады. Жылда күз мезгілі келгенде ЖРВИ мен тұмаудың өршитіні белгілі.
Осыған орай, қызметкерлердің денсаулығын сақтау мен аурудың алдын алу мақсатында бұл маусымдық шараны ҚАЖ саласы назардан тыс қалдырған емес. Соның нәтижесінде инфекциялық аурулар жеңіл өтеді.
Егер басқа инфекция келіп жатса, оны жеңіл түрде өткізуге септігін тигізеді,» — дейді терапевт дәрігер М.Б.Есмаханова. Екпе салдыру барысында жеке құрамға екпеге қарсы көрсетілімдері бар, вакцинаның құрамындағы затқа аллергиясы болған және созылмалы ауруы бар науқастарға екпе салдыруға болмайтыны және екпе алғаннан соң үш күнге дейін шомылуға болмайтындығы жөнінде ескертілді.
Бұл күні мекеме қызметкерлерінің жетпіс пайызы екпе қабылдады. Мен жасақ бастығы ретінде, әр өңірден келетін арнайы контигентпен тікелей жұмыс жасаймын.
Сондықтан өзімді жұғу қаупі жоғары маусымдық тұмаудан сақтандыру үшін жыл сайын өз еркіммен екпе қабылдаймын.
Үйде мектеп жасындағы балаларым бар. Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығы үшін баршаңызды екпе алуға шақырамын – дейді,әділет аға лейтенанты жасақ бастығы Н.Ниязов.