Қазақстан азаматтығын алуға қанша ресейлік өтініш бергені айтылды

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстан азаматтығын алуға қанша ресейлік өтініш бергенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақстан азаматтығын алуға бар болғаны 68 ​​өтініш түскен. Азаматтық алудың белгілі бір процедуралары бар, олар сол арқылы өтеді», — деді Ахметжанов.

Сондай-ақ, министрден Ішкі істер министрлігі адамдарды деструктивті топтарда бар-жоғын ажырататын сынақтан өткізе ме деген сұрақ қойылды.

«Әрине, барлығы бақылауда. Егер мұндай жағдайлар болса, тиісті шаралар қолданылады», — деп жауап берді ол.

Тіл болашағы — ұлт болашағы

Тіл – халықтың мәдениеті мен тарихын ұрпақтан ұрпаққа...

Республика күні: Отанға деген құрмет пен патриоттық рухты қалыптастыру

Абай облысы бойынша №21 мекемеде Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі...

Республика күніне орай сотталғандар арасында мерекелік іс-шаралар өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде...