Қазақстанда көмірге онлайн тапсырыс беру жолдары қаралып жатыр

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкіметте өткен кеңесте халықты көмірмен қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың хабарлауынша, 2022 жылғы қаңтар-тамызда елімізде 73,7 миллион тонна көмір өндірілген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2 пайызға көп. Көмір өндіруші кәсіпорындардың деректері бойынша оның негізгі разрездердегі құны өткен жылғы деңгейде сақталған.

Ал сату орындарында көмір бағасының өсуіне жол бермеу үшін оны үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету және автомобиль көлігімен елден тыс жерлерге әкетуді шектеу (6 айға) жөнінде шаралар қабылданды

Сонымен қатар азаматтарға ыңғайлы болуы үшін көмірді танымал маркетплейстер мен банк қосымшалары арқылы өткізу жолдары пысықталып жатыр. Бұл бағытта еліміздегі ең ірі банктердің бірі Қостанай облысында пилоттық жобаны іске қосты. 

Премьер-министр бұл тәсіл көмір сатылатын орындарда кезектерді азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. 

«Бұл тұтынушыларға қолайлы, өте жақсы цифрлық шешім. Үйден шықпай-ақ көмірге тапсырыс беруге болады. Жергілікті жерлерде тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет», — деді Әлихан Смайылов. 

Кеңес соңында ол Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, көмірді жеткізіп беру мен бөлуді ерекше бақылауда ұстауы тиіс, ал Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі көмірдің бөлшек сауда бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу және фактілердің жолын кесу қажеттігін атап өтті.

Біз Иран халқына құрметпен қараймыз – Тоқаев

Мемлекет басшысы Референдум учаскесінде дауыс бергеннен кейін журналистердің сұрақтарына...

Мы проявляем неизменное уважение иранскому народу – Токаев

Глава государства обозначил позицию Казахстана в отношении Ирана, отвечая...

СВОЙ ДЕНЬ РОЖДЕНИЯ – НА УЧАСТКЕ

Для некоторых жителей Алматинской области день референдума совпал с...

Алматы облысында бір көшенің тұрғындары түгел таңдау жасады

Алматы облысындағы Қосқұдық ауылында республикалық референдум күні ерекше жағдай...

Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді

Ережесіз жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Қонаев қаласындағы учаскелердің бірінде...