ІІМ «ҚАЗАҚСТАН» САНАТОРИЙІНДЕ М.ЕСБОЛАТОВ АТЫНДАҒЫ КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

1 қазан – халықаралық қарттар күні мерекесі қарсаңында Алматы қаласындағы «Қазақстан» санаторийінде ІІМ Алматы академиясы басшылығының қолдауымен генерал Мақан Есболатов атындағы кітапхана ашылды.

Кітапхананың ашылу салтанатына Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы және «Генералдар кеңесінің» мүшелері қатысты.

М.Есболатов атындағы кітапхананың лентасын Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры А. Заппаров пен «Қазақстан санаторийі» акционерлік қоғамының төрағасы генерал-лейтенант Б.Сәрсеков, Алматы Академиясының бастығы полковник А.Сайтбеков қиды.

Алматы қаласы ПД бастығы А.Заппаров пен «Қазақстан санаторийі» АҚ төрағасы Б.Сарсеков құттықтау сөз сөйлеп, ПД бастығы кітапхана қорына ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты М.Ахметжановтың атынан «Тәуелсіз Қазақстанның ішкі істер органдарының тарихи жолы» атты кітапты тарту етті.

«Бүгінгі өтіп жатқан іс-шара біз үшін үлкен қуаныш. Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері, генерал-майор Мақан Есболатов – Қазақстан полициясының бірнеше буынына ұстаз болған аңыз адам. Қарапайым курсанттан ішкі істер министріне дейінгі жолдан өткен Мақан Есболатовтың еңбек жолының жарқын беттері – бүгінгі полиция қызметкерлеріне өнеге. Сондықтан да Ішкі істер министрлігінің өзіндік тарихы бар «Қазақстан» санаторийінде генерал-майор Мақан Есболатов атындағы кітапхананың ашылуы біздің академия үшін зор мәртебе» -деді салтанатты жиында сөз сөйлеген М.Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы полиция полковнигі А.Сайтбеков өз атынан кітапхана қорына генерал М.Есболатовтың еңбек жолы туралы жарық көрген кітаптар тарту етті.

Әміртаев съезде Қазақстандағы саясаткер-флюгерлер деп кімдерді меңзеді?

«Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев партияның кезектен...

Политики-флюгеры в Казахстане о ком говорил Амиртаев на Съезде?

Лидер партии «Байтақ» заявил, что XXI век требует зеленой...

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтауы

Мемлекеттік қызметші – халық пен мемлекеттің арасындағы байланысты қамтамасыз...

Кассациялық соттардың құрылғанына – 1 жыл

2025 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасында дербес кассациялық соттар...

ЖСДП мемлекеттік шығыстарды барынша ашық етуді ұсынды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Орталық аппаратының жетекшісі Мақсұт Насибулов Астанада...