Қасым-Жомарт Тоқаев геосаяси шиеленіс туралы: Ең жоғары шегіне жетті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапары барысында Қазақстанның қазіргі халықаралық жағдайға қатысты ұстанымын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Еуразия құрлығының дәл ортасында бола отырып, мен қазіргі халықаралық жағдайға қатысты өз ұстанымымызды тағы бір рет атап өткім келеді. Бүгінде әлем бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленісті бастан өткеріп жатыр, шиеленіс ең жоғары шегіне жетті. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі саясаткерлер мен сарапшылар ядролық қаруды қолданудың қауіп-қатерін талқылап жатыр», — деді Мемлекет басшысы өз сөзінде.

Қазіргі заманғы әлемдік тәртіп күшті дағдарысты бастан кешіп жатыр, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Одан шығу адамзат болашағы үшін ортақ жауапкершілікті сезіну, халықаралық құқықтың қалыптасқан қағидаларын сақтау, мемлекеттердің өзара мүдделерін құрметтеу негізінде ғана мүмкін болады», — деді ол.

Президент бүгінде геосаяси шиеленіс пен санкциялық текетірес мәдениет саласында да көрініс тауып жатқанын айтты.

Казахстан продвигает финансирование технологий будущего и расширяет доступ к инвестициям в рамках Банка развития ШОС

Казахстан продвигает приоритеты финансирования технологий будущего в рамках создаваемого...

“ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕ ТУҒАНЫМА МАҚТАНАМЫН”

Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан...

ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІ ОТБАСЫМЫЗДАН БАСТАЙЫҚ!

Татулығы жарасқан елімізде барлық ұлттың өкілдері бір үйдің баласындай...

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық ақпарат берілді

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық және тәрбиелік ақпарат...

Имамдармен кездесу: интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері талқыланды

"Анти-фрод" Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Түркістан облысы полиция...