12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматыдағы LRT тағдыры қашан шешіледі?

Алматы әкімі Ерболат Досаев қаладағы жеңіл рельсті трамвай (LRT) желісі жобасы бойынша нақты шешімдерді келесі жылы сәуірде ұсына алатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұрғындармен кездесу барысында Медеу ауданының тұрғыны 8 жылдан бері жоспарланған LRT құрылысы жобасы қашан алға жылжитынын сұрады.

«Төле би көшесі бойындағы LRT мәселесін даму жоспарына енгіздік. Бұл жұмысты бастап жатырмыз. Қалада жүзеге асырыла бастаған бірнеше жоба бар. Мысалы, Еуропа қайта құру және даму банкі қатысатын жоба. Жеке ұсыныстар да болды. Енді оны қалай жүзеге асыруға болатынын ескере отырып, оңтайлы схеманы табамыз. Сондықтан тиісті шығындар қаралады. Біріншіден, қаладан өз мүмкіндіктерімізді есептеп алуымыз керек, бұл жобаны қай уақытта жүзеге асыра аламыз. Жоба қаланың көлік құраладры қаңқасын қалыптастырудың негізгі жобаларының бірі болады. 2023 жылы не істей алдық және бұл жобаның қандай формада жүзеге асатынын, қай жылдары жүзеге асыратынымызды көрсетеміз. 2025 жылдың аяғына қарай алғашқы нәтижелерді көруді мақсат етіп қойдым. Бұл жұмыс 2023 жылы басталуы керек», — деді әкім.

Досаевтың айтуынша, қазір LRT жобасын қаржыландырудың оңтайлы схемасын табу қажет. Әкім жобаға қанша қаражат қажет болатынын және оның қандай кезеңдерде жүзеге асырылатынын шешу керек екенін атап өтті. Бұл ретте болашақ LRT бағыты бойынша учаскені сатып алу жалғасып жатыр. Келесі жылдың көктемінде әкім жобаның қалай жүзеге асатынын айтып беруге уәде берді.

Ас тұзы — ақ у!

Ас тұзы (натрий хлориді, NaCl; натрий хлориді, тас тұзы,...

Мемлекеттік қызметшілер әдебі – қоғам сенімінің алтын арқауы

Мемлекеттік биліктің беделі мен қоғамның сенімі ең алдымен мемлекеттік...

В Алматы правозащитники и юристы поддержали поправки по запрету ЛГБТ-пропаганды

В Алматы состоялась конференция в поддержку поправок о запрете...

В Алматинской области успешно удалили редкую феохромоцитому

В Карасайской клинической многопрофильной центральной районной больнице успешно проведено...

Десять золотых правил здорового питания

ЗДОРОВОЕ ПИТАНИЕ – ЭТО НЕ СТРОГАЯ ДИЕТА, НЕ ВРЕМЕННЫЙ...