12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанда рақымшылыққа іліну үшін кінәсін толық мойындауы керек

Рақымшылыққа іліну үшін кінәні толық мойындау керек. Бас прокуратура Қаңтар оқиғасында тәртіпсіздіктерге қатысқандарға рақымшылық қалай жасалатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Сотталғандар бостандыққа шығу үшін амнистияға өз рұқсатын беруі керек. Азаматтың келісімінсіз рақымшылыққа ілінбейді.

Бір реттік рақымшылық тек кінәні толық мойындаған жағдайда және шығынды толық өтеген кезде ғана жасалады. Яғни ауырлығы орташа қылмыс жасағандар толық босатылуы мүмкін. Ал ауыр қылмыс жасағандардың мерзімі қысқартылады.

Әзірге амнистияға нақты неше адамның ілінетіні белгісіз. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектегі Жолдауында Қаңтар оқиғаларының қатысушыларына бір реттік рақымшылық жариялауды ұсынған.

Тек амнистияның тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар негізгі айыпталушыларға, сондай-ақ мемлекетке опасыздық жасаған, билікті күшпен ауыстыруға әрекет жасағандарға қатысы жоқ.

Колонию Астаны посетила представитель Уполномоченного по правам человека

С ознакомительным визитом колонию-поселения посетила представитель Уполномоченного по правам...

ТҰТЫНУ ТАУАРЛАРЫ ҚАТАРЫНДА ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРІСІНІҢ ҮЛЕСІ АРТТЫ

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, жан басына шаққандағы жылдық жұмыртқа...

ДӘРІГЕРЛЕР ЕРЛЕДІ

Биыл көктем елімізге жайлы болмады. Дегенмен, осынау қиын кезде...

ӨҢІРДЕ ӨНІМДІ ІС КӨП

Ақмола облысында инвестицияларды тарту және инвестициялық жобаларды іске асыру...