Сотталғандарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

Мәдениет үйінің ғимаратында, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін «Бос орындар жәрмеңкесі» өтті.

Аталған іс-шараны «Ескелді ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ, сондай-ақ Ескелді ауданының прокуратурасы және пробация қызметі бөлімі ұйымдастырды.

Іс — шараның мақсаты — жазасы қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес сотталған адамдарды жұмысқа орналастыру.

Жұмыс іздеп «Бос орындар жәрмеңкесіне» Ескелді ауданының пробация қызметі бөлімінде есепте тұрған 50 ге жуық сотталған қатысты.

Өткізілген жәрмеңке нәтижесі бойынша жұмысқа орналасуға ниет білдірген сотталғандарға жұмыс орындары, сондай-ақ мамандығы жоқ сотталғандарға түрлі мамандықтар бойынша кәсіптік оқыту курстарынан өту ұсынылды.

Ынтымағы жарасқан ел – еңселі ел” тақырыбында іс-шара өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай №79...

Мерекелік концерт өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Атырау...

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандар арасында айтыс өтті

Қазақстан халқының дәстүрлері қоғамдық өмірдің маңызды бөлігі болып қала...