Алматыға бір апта ішінде қанша ресейлік келді?

Алматы әкімдігі өкілдері кейінгі аптада Алматыға қанша ресейлік келгенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала билігі мәліметінше, әкімдік Ресей азаматтарының келуіне қатысты арнайы жоспар дайындаған.

«22-27 қыркүйек аралығында Алматы қаласына 5 066 РФ азаматы келіп, 4 172 адам оралған. 894 ресейлік қала аумағында қалды. Бұл біздің қала үшін үлкен көрсеткіш емес. Алматының барлық қызметтері түгел қажетті жұмысты орындауға дайын. Мемлекеттік органдар заңға және халықаралық міндеттемелерге сәйкес барлық қажетті көмекті көрсетеді. Яғни, ешқандай артықшылық болмайды», — деді Арман Қырықбаев.

Сондай-ақ, ол барлық мемлекеттік мекемелер, әсіресе көші-қон қызметі штаттық режимде жұмыс істеп, жағдайды бақылауда ұстап отырғанын баса айтты.

«Айта кету керек, биыл 26 қыркүйекте ЖСН алуға 2070 шетелдік қызмет алушы жүгінген. Келесі күні — 1700 адам. Мегаполисте шетелдіктер саны артқан жағдайда азаматтарға кедергі келтірмейтіндей қызмет көрсету үшін қосымша орын бөлінеді.

Жүргізілген мониторинг нәтижесінде қаладағы хостел мен жатақханаларда 1000-нан аса бос төсек-орын бары анықталды. Бұдан басқа, қажет болған жағдайда 2000-ға жуық төсек-орынды орналастыруға болады», — деп қосты Қырықбаев.

Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдауының тәулік бойы тегін колл-орталығы жұмыс істейді. Барлық өзекті сұрақ бойынша 1308 (мобильді қазақстандық ұялы байланыс операторының қоңырауы, тек Алматы қаласында ғана қолжетімді) және +7 727 338 33 88 (қалалық телефоннан қоңырау) телефондарына хабарласуға болады.

Бұдан басқа, көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері, шетел азаматтарының Алматы қаласының аумағында болу ережелері бойынша жедел желі ұйымдастырылған: +7 727 254-43-17, +7 727 254-46-97.

Әрбір аудан әкімдігінде кеңес беруге дайын жауапты тұлғалар кезекшілік етеді.

Алатау ауданы әкімінің аппараты — 299-86-72.

Алмалы ауданы әкімінің аппараты — +7 708 683 0294 WhatsApp.

Әуезов ауданы әкімінің аппараты — 303-25-20, +7 701 964 3536 WhatsApp.

Бостандық ауданы әкімінің аппараты — 274-96-13.

Жетісу ауданы әкімінің аппараты — 384-27-74.

Медеу ауданы әкімінің аппараты — 291-32-69, +7 702 047 42 73 WhatsApp.

Наурызбай ауданы әкімінің аппараты — 305-38-71, +7 708 145 08 01 WhatsApp.

Түрксіб ауданы әкімінің аппараты — 251-10-07.

Сонымен қатар, Жетісу ауданындағы «Құлагер» шағынауданы, Серіков көшесі, 6а мекенжайындағы ХҚКО-да Ресейден келген релоканттарға қызмет көрсету жұмыстары күшейтілген.

Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот отырысы кейінге шегерілді

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысы кейінге қалдырылды.

2030 жылғы Әлем чемпионатына 64 құрама қатысады

Бұл туралы Оңтүстік Америка футбол конфедерациясының (КОНМЕБОЛ) президенті Алехандро Домингес мәлімдеді.

Елімізде бір тәулікте 55 орман өрті тіркелді

Барлық өрт найзағайдың жарқылынан тұтанған, деп хабарлайды Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Көркем гимнастикадан әлем чемпионаты: Ел намысын кімдер қорғайды? 

Әлем чемпионаты 12-16 тамыз аралығында Германияның Франкфурт-на-Майн қаласында өтеді.

Қазақстандықтар қандай қызметтер мен жәрдемақыларды онлайн ала алады? 

Мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электронды форматқа көшіп, көптеген рәсімді үйден шықпай-ақ орындауға мүмкіндік пайда болды. Бүгінде телефон арқылы жаңа туған сәбиді тіркеуге, әлеуметтік төлем рәсімдеуге, жүргізуші куәлігін ауыстыруға, емханаға тіркелуге, зейнетақы жинағын тексеруге, тіпті техникалық паспорт алуға болады.