Ресейдегі атыс: қаза тапқандар саны тағы артты

Ижевск қаласындағы мектепте болған атыстан қаза тапқандар саны 15 адамға жетті, оның 11-і бала, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазіргі уақытта тергеушілер қылмыс салдарынан 39 адам зардап шеккенін, оның он бесі қайтыс болғанын анықтады, оның ішінде 11 бала және 4 ересек адам. 24 адам зардап шекті, оның ішінде 22 бала және 2 ересек адам», — делінген хабарламада.

Ресей ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, атыс ұйымдастырған ер адамның мәйіті табылды, ол өз-өзіне қол жұмсаған.

Ресейдің Удмурт республикасындағы Ижевск мектебінде болған атыстан кейін 26-29 қыркүйек аралығы аза тұту күні болып жарияланды.

ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.

Заң – тәртіп пен әділеттіліктің негізі

Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіз өмір сүруінің маңызды кепілі...

Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері «Мектепке жол» акциясы аясында көпбалалы отбасына көмек көрсетті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері республикалық «Мектепке...

Сот приставының сот жүйесіндегі рөлі мен маңызы

Сот жүйесі – мемлекеттің құқықтық тәртібі мен азаматтардың заңды...

Токаев: печаль — плохой попутчик для нашей молодежи

«Человек, который боится сделать шаг, не верит в свои...