Шетелдіктер Қазақстанда тұруға рұқсат алуы үшін төлқұжат ұсынуы керек

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстанда уақытша және тұрақты тұруға рұқсат беру қағидаларына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұруға ықтиярхат алу үшін шетелдік төлқұжат (паспорт) — Қазақстан Республикасы шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат ретінде және олардың құқықтық мәртебесін анықтайтын құжат ретінде танылған.

Бұл ретте өтініш берілген күнгі құжаттың қолданылу мерзімі 180 күнтізбелік күннен асуға тиіс.

Тағы бір өзгеріс — өтініш берушінің соттылығының жоқтығы туралы анықтаманың цифрлық көшірмесі емес, түпнұсқасын ұсынуы. Оны құзыретті органның уәкілетті қызметкері бекітуі және бөлімшенің елтаңбалы мөрімен куәландыруы қажет.

«Жобаны қабылдау республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін қысқартуды көздемейді. Жоба теріс әлеуметтік-құқықтық салдарларға әкеп соқпауды көздейді», — делінген түзетулер жобасына түсіндірме жазбада.

Заң – тәртіп пен әділеттіліктің негізі

Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіз өмір сүруінің маңызды кепілі...

Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері «Мектепке жол» акциясы аясында көпбалалы отбасына көмек көрсетті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері республикалық «Мектепке...

Сот приставының сот жүйесіндегі рөлі мен маңызы

Сот жүйесі – мемлекеттің құқықтық тәртібі мен азаматтардың заңды...

Токаев: печаль — плохой попутчик для нашей молодежи

«Человек, который боится сделать шаг, не верит в свои...