Қасым-Жомарт Тоқаев Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге Ижевск қаласындағы мектепке жасалған шабуыл салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаев балалардың қазасы туралы хабар ауыр тигенін айтып, зардап шеккендердің сауығуын тіледі.

«Ресей Федерациясының Ижевск қаласындағы №88 мектепке адамгершілікке жатпайтын шабуылдың салдарынан азаматтардың, соның ішінде балалардың қаза тапқаны туралы қайғылы хабарды үлкен өкінішпен қабылдадым. Барлық зардап шеккендер тез сауығып кетсін», — деп жазды Тоқаев жеделхатында.

Ресейдің Ижевск қаласындағы мектепте атыс болды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, білім мекемесінің күзетшісімен қоса 15 адам қаза тапқан.

Атыс сабақ болып жатқан уақытта басталған. Жедел ақпаратқа сүйенсек, қара киім киген ер адам сыныпқа басып кіріп, қолындағы қарумен оқ жаудырған. Осы кезде мектеп директоры жарақат алған жасөспірімдердің бірімен кабинетте тығылып, қауіпсіз жерге жасырынып үлгерген.

Әміртаев съезде Қазақстандағы саясаткер-флюгерлер деп кімдерді меңзеді?

«Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев партияның кезектен...

Политики-флюгеры в Казахстане о ком говорил Амиртаев на Съезде?

Лидер партии «Байтақ» заявил, что XXI век требует зеленой...

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтауы

Мемлекеттік қызметші – халық пен мемлекеттің арасындағы байланысты қамтамасыз...

Кассациялық соттардың құрылғанына – 1 жыл

2025 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасында дербес кассациялық соттар...

ЖСДП мемлекеттік шығыстарды барынша ашық етуді ұсынды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Орталық аппаратының жетекшісі Мақсұт Насибулов Астанада...