Toyota Ресейдегі зауытын жабады — БАҚ

Жапониялық автоөндіруші Санкт-Петербургтегі зауытын жабу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы бірнеше ресейлік БАҚ, сондай-ақ «Осторожно, новости» Telegram-арнасы жазып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, бұл туралы арнайы жиында қызметкерлерге хабарланған.

«Біздің ақпаратымыз бойынша, оларға бұл шешім Ресей Федерациясында қалыптасқан жағдайға байланысты қабылданғаны айтылған. Бұл ретте зауыт басқа брендпен жұмыс істей алмайды, сондықтан жабылады», — деп жазады Telegram-арнасы.

Жұмыстан шығар алдында қызметкерлерге 12 айлық жалақы төленетіні атап өтілді. Зауыт жұмысшыларының жиналыстары таңғы 9-дан бастап шағын топтарда өткен. Келесі аптадан бастап оларға келісім жіберілетіні айтылды. Көктемнен бастап зауыт тоқтап тұр, жұмысшыларға жалақысының үштен екісі төленген. Қазір басшылық «жұмыс берушінің кінәсінен бос уақытты жариялау туралы» бұйрықтың орындалуын тоқтата тұру туралы құжат берді.

Сондай-ақ, ақпарат көзінде кәсіпорын жақында жабылатынын растайтын құжаттар болған.

Санкт-Петербургтегі Toyota зауыты 2007 жылы ашылған. Кәсіпорында Camry және RAV4 модельдерін өндірудің толық циклі ұйымдастырылған.

Әміртаев съезде Қазақстандағы саясаткер-флюгерлер деп кімдерді меңзеді?

«Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев партияның кезектен...

Политики-флюгеры в Казахстане о ком говорил Амиртаев на Съезде?

Лидер партии «Байтақ» заявил, что XXI век требует зеленой...

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтауы

Мемлекеттік қызметші – халық пен мемлекеттің арасындағы байланысты қамтамасыз...

Кассациялық соттардың құрылғанына – 1 жыл

2025 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасында дербес кассациялық соттар...

ЖСДП мемлекеттік шығыстарды барынша ашық етуді ұсынды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Орталық аппаратының жетекшісі Мақсұт Насибулов Астанада...