ҰҚШҰ ұжымдық күштерінің оқу-жаттығулары Қазақстанда өтеді

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің оқу-жаттығулары Қазақстанда өтеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жаттығулар Жамбыл және Алматы облыстарында өтеді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

«Өзара іс-қимыл-2022», «Поиск-2022», «Эшелон-2022» оқу-жаттығулары 2022 жылғы 26 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді.

«Осыған орай, 22-30 қыркүйек аралығында елімізге ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келеді. Олардың қозғалысы әртүрлі тәсілдермен: теміржол, әуе көлігі және доңғалақты әскери техникамен жүзеге асырылады.

Әскери контингенттердің қозғалысы кезінде коменданттық қызмет, әуе шабуылына қарсы қорғаныс және жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері пысықталады”, – делінген министрліктің хабарламасында.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...