12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ресейліктерге Қазақстанда қанша уақыт тұруға рұқсат етіледі?

Қазақстан-Ресей шекарасында Қазақстанға Ресей азаматтары ағыны айтарлықтай өскені байқалады. Шетелдік азаматтардың Қазақстанда жүруіне қатысты белгіленген шектеулер бар. Шетелдіктер елімізде қанша уақыт бола алады — Tengrinews.kz материалында.

Шетелдіктердің Қазақстанға келу ережесін «Халықтың көші-қоны туралы» заңы және Үкіметтің «Көшіп келушілердің Қазақстанға келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстаннан кетуінің қағидаларын және көші-қон бақылауын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысы реттейді.

Осы ережелерге сәйкес, елде 30 күнге дейін болатын шетелдіктерге уақытша тіркеу міндетті емес.

Ресейдің Қазақстандағы елшілігі мәліметінше, Ресей азаматы Қазақстанда 30 күннен артық қалғысы келсе, міндетті түрде көші-қон қызметіне тіркелуі керек.

Осыдан кейін елде болу мерзімі 90 күнтізбелік күнге дейін ұлғайтылуы мүмкін (30+60). Бұл мерзім өткеннен кейін азамат Қазақстаннан кетуге міндетті. Қазақстанға қайта келу елден кеткен күннен бастап 90 күнтізбелік күннен кейін ғана мүмкін болады.

Егер ресейліктер Қазақстанға жұмыс істеу үшін келсе, онда мұндай азаматтардың және олардың отбасы мүшелерінің уақытша елде болу мерзімі Ресей азаматының Қазақстандағы жұмыс берушімен немесе жұмысқа тапсырыс берушімен жасасқан еңбек немесе азаматтық-құқықтық шартының ұзақтығымен шектеледі.

Мұндай азаматтар Қазақстанда бір айдан аса болуды жоспарласа, көші-қон полициясына тіркеліп, еңбек шартын ұсынуы қажет.

Қазақстан аумағына кірген күннен бастап 90 тәулік өткеннен кейін шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, Ресейдің жұмысшы-азаматы Қазақстан аумағынан шықпай 15 күн ішінде жаңа Еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт жасасуға құқылы.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 97-бабына сәйкес, Ресей азаматтарынан Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат алуы талап етілмейді. Ресей жұмысшы-азаматының Қазақстан аумағындағы еңбек қызметі ЕАЭО туралы шарттың ережелерін ескере отырып, Қазақстан заңнамасымен реттеледі.

Сондай-ақ, Қазақстанда шетелдікті елге кіргізуге болмайтын пункттер тізімі бар. Олардың ішінде:

  • ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіп пен халықтың денсаулығын қорғау мүддесінде;
  • егер оның әрекеті конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған болса;
  • Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігіне қарсы шықса, оның территориясының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса;
  • ұлтаралық, конфессияаралық және діни араздықты қоздырса;
  • Қазақстан азаматтарының және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қажет болған жағдайда.

Қазақстанға кіруге тыйым салу негіздерінің толық тізімімен мына жерден танысуға болады.

В Алматы в комьюнити-центрах проходят диалоговые площадки для молодежи

В Алматы при поддержке Управления молодежной политики города во...

Алматыдағы комьюнити-орталықтарда жастарға арналған диалог алаңдары өтуде

Алматы қаласында Жастар саясаты басқармасының қолдауымен барлық комьюнити-орталықтарда жастардың...

В Алматы завершился сезон кинопоказов под открытым небом

В Алматы при поддержке Управления молодежной политики волонтеры в...

Алматыда ашық аспан астындағы кинокөрсетілім өз мәресіне жетті

          Алматыда Жастар саясаты басқармасының қолдауымен қала волонтерлері жаз...

Ұлттық ұланда жаңа техника: Сарбаздар көлікпен күзгі вальс орындады

Құқықтық тәртіп әскерінің автопаркі жаңа көліктермен толықты. Су жаңа...