Қазақстанда сән-салтанат салығы қашан енгізіледі?

Премьер-министрдің орынбасары — Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда сән-салтанат салығы қашан енгізіледі деген сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне сән-салтанат салығы енгізіледі. Нұсқаулық әзірленіп жатыр. Оны 2023 жылдың қыркүйегіне дейін пысықтап, содан кейін Мәжіліске ұсынамыз. Заң 2023 жылы қабылданып, 2024 жылдың басынан бастап күшіне енеді», — деді Жамаубаев Мәжіліс отырысында.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елде сән-салтанат салығын енгізу мәселесін қарастырудың маңыздылығын айтқан болатын.

Заң – тәртіп пен әділеттіліктің негізі

Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіз өмір сүруінің маңызды кепілі...

Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері «Мектепке жол» акциясы аясында көпбалалы отбасына көмек көрсетті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері республикалық «Мектепке...

Сот приставының сот жүйесіндегі рөлі мен маңызы

Сот жүйесі – мемлекеттің құқықтық тәртібі мен азаматтардың заңды...

Токаев: печаль — плохой попутчик для нашей молодежи

«Человек, который боится сделать шаг, не верит в свои...