Түркістан облысының полицейлері шетел азаматынан есірткі затын тәркіледі

Түркістан облысының полицейлері шетел азаматынан есірткі затын тәркіледі

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне «Жібек жолы» шекара бекетінде есірткі контрабандасы бойынша күдікті ұсталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Анықталғандай, шетелдік азаматтардың бірін бекеттен өткізу кезінде «Минти» атты қызметтік ит белгі беріп тоқтатқан.
Шекарашылар туған жеріне бет алған Өзбекстан азаматын ұстап, жедел-тергеу тобын шақырады. Жедел уәкілдер күдіктіні тінту кезінде шалбарының оң жақ қалтасынан құрамында өсімдік тектес есірткі заты бар полиэтилен түйіншегін тауып, тәркіледі. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі заты «гашиш» болып шықты.
Қазіргі таңда шетел азаматы қамауға алынып, ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері есірткі затын заңсыз сақтағаны, өткізгені, өсіргені және контрабандасы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Түркістан облысында жалпы пайдалану орындарын ластаудың 400-ден астам фактісінің жолы кесілді

Түркістан облысында жалпы пайдалану орындарын ластаудың 400-ден астам фактісінің...

Горный курорт Shymbulak открывает летний сезон

С 1 мая канатные дороги Shymbulak возобновляют работу после периода профилактики....