Түркістан облысында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 200-ден астам құқық бұзушылық анықталды

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс мен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында, Түркістан облысы ПД бастығының бұйрығына сәйкес 2022 жылғы 19-21 қыркүйек аралығында облыс аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мұндағы негізгі мақсат — кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды азайту, балалар мен жасөспірімдердің заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үй-жайлардан тыс жерлерде болуына жол бермеу болып табылады.

Мәселен рейдтік іс-шаралардың өткен тәулігінде ювеналды полиция қызметкерлері 221 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде:

  • ҚР ӘҚБтК 132-бабы бойынша (түнгі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында болуына жол берген ойын-сауық орындарын анықтау) — 15;
  • ҚР ӘҚБтК 440-бабы бойынша (қоғамдық орында мас халде жүрген) — 6;
  • ҚР ӘҚБтК 442-бабының 1-бөлігі бойынша (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы) — 22;
  • ҚР ӘҚБтК 442-бабының 2-бөлігі бойынша (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы)-173 құқық бұзушылық.

ІІО-да профилактикалық есепке барлығы 35 адам қойылды, оның ішінде құқық бұзушылыққа бейім 18 кәмелетке толмаған жасөспірім және ата-ана міндеттерін тиісті түрде орындамаған 17 қолайсыз отбасы. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 5 жасөспірім орналастырылды.

Полицейлер атап өткендей, мұндай іс-шараларды өткізу құқық бұзушылықтың алдын алу тұрғысынан аса қажет. Сондықтан азаматтарды мұқият болуға, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Дихан Қамзабекұлы: «Соңғы жеті жылда ғылымды қаржыландыру 3,6 есе өсіп, 261,5 млрд теңгеге жетті»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ҮНДЕУІ Қымбатты отандастар! Бір айдан соң Қазақстан Тәуелсіздігінің...

№68 мекемесінде «Суицидке жол жоқ!» тақырыбында іс-шара өткізілді

Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қызылорда облысы бойынша...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ НЕГІЗГІ ҚАЗЫҒЫНЫҢ БІРІ

Тіл – әрбір ұлттың рухани байлығы, тарихы мен мәдениетінің...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ

Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани байлығы мен мәдени...