Қасым-Жомарт Тоқаев ірі компанияларды Қазақстан экономикасына инвестиция салуға шақырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Америка инвестициялық дөңгелек үстелінің жұмысына қатысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ақорданың хабарлауынша, Іс-шараға Chevron, ExxonMobil, Fluor, Shell USA, The Solar Turbines, S&P Global, Centrus Energy Corporation, Boeing, Amway, GE International Markets, Honeywell UOP, Philip Morris, The Procter & Gamble Company, Baker Hughes, John Deere, Bechtel, Halliburton, Valmont, Champion Foods, PepsiCo, MasterCard, Citi, McLarty Associates, Macro-Advisory LTD, private equity fund RCF, Brownstein Hyatt Farber Schreck, Greenenberg Traurig LLP, Microsoft, Coursera, StartX, EPAM, Wabtec Corporation, Zscaler, DoorDash, Amazon, Pfizer, Medtronic, Netflix секілді ірі америкалық компаниялардың басшылары қатысты.

Президент мұндай форматта өткен кездесу игі дәстүрге айналғанын атап өтіп, осы шараны ұйымдастыруға атсалысқан АҚШ-тың Сауда палатасы мен Іскерлік кеңес мүшелеріне ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысы кездесуде Әділетті Қазақстан құруға бағытталған ауқымды саяси және экономикалық реформалардың жүзеге асырылуы жөнінде егжей-тегжейлі айтып берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның экономикалық әлеуеті мен инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы жан-жақты мәлімет берді. Атап айтқанда, президент энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, көлік-логистика, цифрландыру, қаржы және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктеріне тоқталды.

Мемлекет басшысы Қазақстанда америкалық жаңа ірі кәсіпорындардың пайда болуына қолдау білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық экономикалық серіктестік барлық салада әртараптандырылып, кеңейе беретінін атап өтті.

«Менің командамның инвестиция тартудағы тәжірибесі мол. Бұл компанияларыңызға аймақтың ең жылдам дамып келе жатқан экономикаларының бірінде бизнес жүргізуді жеңілдетеді. Бүгінгі кездесу сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты ілгерілетуде, сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуда нақты қадам болады деп сенемін», – деді Қазақстан президенті.

Новые увлечения и первые успехи: чему подростки учатся в досуговых центрах Медеуского района

В Алматы работают 100 досуговых центров, которые регулярно посещают...

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік...

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені:жетістіктері мен даму мүмкіндіктері

Қазақстан – ауыл шаруашылығы саласын дамытуға зор мүмкіндігі бар...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПОЛЯК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Абай университетінде Польша тілі мен мәдениеті орталығының салтанатты...