spot_img
spot_img

Отбасым-алтын діңгегім

Отбасы-қоғамның ажырамас бір бөлігі, іргетасы. Мемлекет басшысы отбасындағы бала тәрбиесіне аса мән беріп отыр. Қазақ зиялыларының бірі Мағжан Жұмабаев: «Тәрбиедегі мақсат-баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп тәрбиелеп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып тәрбиелеу»-деген екен. Ол балалар тәрбиесінде ата-ананың атқаратын, алатын орны, жауапкершілігі болу керектігін меңзейді. Тәрбие-ол қоғамдық құбылыс. Бұл орайда үштік одақ мектеп-отбасы-қоғамдық мекеме бірлесіп жұмыс атқарса жақсы нәтиже болары анық.

Баланы жастайынан жан-жақты дамыту керек. Әртүрлі үйірмелерге апару, соның ішінде баланың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру керек. Көбірек таза ауада жүрсе, таңмен жүгірсе, дене шынықтырумен айналысса. Отбасында ата-ана осыны жолға қойса, бірге жүгіріп, бірге көбірек таза ауада отбасымен шынықса, әр отбасы мүшелерінің денсаулықтары жақсарып, шыныға түсері сөзсіз. Қазір оған барлық жағдай жақсы жасалған. Елімізде спорттық нысандар көптеп ашылуда. Қаламыздың көшелерінде де денсаулығыңды күшейтуге арналған құрылғылар орнатылған. Әрбір адамға барып күніне бір, екі мезгіл айналысуға болады.

Спорт адамға жан-жақты әсер етеді. Балалардың сабаққа ынтасы артып, үлкен кісілердің қимыл-қозғалысы ширай түсері анық. Ми жұмысының жақсы жұмыс істеуіне де септігі тиеді. Спорт адамды жинақылыққа, шапшаңдыққа, ептілікке, іскерлікке үйретеді. Осыған орай Отбасы күніне Орал қалалық кітапханалар жүйесіне қарасты №6 №16 кітапхана филиалдары бірлесе «Толағай» көңілді отбасылық сайысын табиғат аясында, таза ауада өткізді. Жарысқа көпбалалы Аушеттер отбасы, Шайдуллина, Амировтар отбасылары қатысты. Жарыс әдеттегідей разминкамен басталып «Тез жеткіз», «Баланы тасымалдау», «Қаппен секіру», «Кедергілерді бағындыр», «Скакалкамен секіру» секілді ойын шарттарынан тұрды.

Жарыс өте көңілді, қызықты өтті. Сайыс соңында әр қатысқан отбасына сыйлықтар табысталды.

№6 кітапхана филиалы кітапханашысы
Жолтаева Б.

Десять золотых правил здорового питания

ЗДОРОВОЕ ПИТАНИЕ – ЭТО НЕ СТРОГАЯ ДИЕТА, НЕ ВРЕМЕННЫЙ...

Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу

Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың...

Гаджеты и сон – опасно для здоровья

СЕГОДНЯ СЛОЖНО ПРЕДСТАВИТЬ ЖИЗНЬ БЕЗ СМАРТФОНОВ, ПЛАНШЕТОВ, ЭЛЕКТРОННЫХ КНИГ...

Что нужно знать о ВИЧ?

ВСЕМИРНЫЙ ДЕНЬ БОРЬБЫ СО СПИДОМ НАПОМИНАЕТ НАМ О ТОМ,...

Вредные привычки – что копируют дети? 

ДЕТИ УЧАТСЯ У РОДИТЕЛЕЙ НЕ ТОЛЬКО ДОБРЫМ И ПОЛЕЗНЫМ...