12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанда 2025 жылға қарай зейнетақы қаншаға өседі?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ризвангүл Дараева Қазақстанда 2025 жылға қарай зейнетақы қаншаға өсетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ризвангүл Дараева 2023 жылдың қаңтарынан 2027 жылға дейін базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54-тен 70 пайызына дейін арттыру жоспарланып отырғанын атап өтті.

«Ең жоғары мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызынан 120 пайызға дейін ұлғайтылады. Осы кезеңде базалық зейнетақы төлемінің орташа мөлшері орта есеппен 51 пайызға артады», — деді Дараева РСК сайтында өткен брифингте.

Оның айтуынша, ұсынылып отырған шаралар 2025 жылға қарай зейнетақының жалпы көлемін орта есеппен 27 пайызға — 109 мыңнан 138 мың теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік береді.

«Яғни, мемлекет қаржыландырылатын жүйеге көшу кезеңінде зейнеткерлерге қолдау көрсету міндетін алды», — деп қосты ол.

Алматыда «Сириус» мектебі мен білім беру орталығының іргетасын қалау рәсімі өтті

Алматыда «Сириус» білім беру орталығымен ынтымақтастық аясында I Таланттар...

Экологиялық қылмыстар жазасы қатаң 

Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар Қылмыстық кодекстің 13-тарауымен бекітілген. Осы...

Правительство намерено пересмотреть подушевое финансирование в сферах образования и здравоохранения

Правительство Казахстана начало системный пересмотр механизмов государственно-частного партнёрства в...

Аида Балаева: Білім мен медицинадағы қаржыландыру жүйесі әділ әрі ашық болуға тиіс

Мемлекет басшысы таяуда «Түркістан» газетіне берген сұхбатында білім беру...