Қарағанды облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға бөлінген қаражат жымқырылған — ҚМА

Қарағанды облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі тергеліп жатыр. Тапсырыс беруші ЖШС-ға бір жарым миллион теңгеге жуық қаражатты негізсіз төлеген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

«ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті Qamqor жедел-алдын алу шарасы барысында анықталған мүмкіндігі шектеулі жандарды санаториялық-курорттық емделу, сауықтыру демалысымен қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру қылмыстық схемасы бойынша істі тергеп жатыр.

Тергеу барысында тапсырыс беруші мен ЖШС арасында мерзімі наурыздан желтоқсанға дейін мүгедектерді санаториялық-курорттық емдеу, емдік-сауықтыру демалысын қамтамасыз ету бойынша 50 миллион теңгеге жуық сомаға мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт жасалғаны анықталды», — делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, тапсырыс берушінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын тексеру актісімен, мүгедектердің шипажайға барудың жалған деректері анықталған.

«ЖШС-ға бір жарым миллион теңгеге жуық қаражат негізсіз төленген. Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-ның 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәлімет жария етілмейді», — делінген хабарламада.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...