S&P халықаралық агенттігі Kaspi Bank рейтингін көтерді

Сарапшылар Kaspi-дің нарықтағы мықты ұстанымы мен сенімді стратегиясын атап өтті

S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Kaspi Bank» АҚ рейтингтерін «BB-»-тан «BB»-ге дейін және «kzA» деңгейінен «kzA+» деңгейіне көтерді. Рейтинг бойынша болжам — «Тұрақты».

Агенттік Kaspi Bank рейтингі бизнесті несиелеу, тұтынушылық несиелеу және төлемдер сегментіндегі дәлелденген стратегиясын және күшті нарықтық ұстанымын көрсететінін атап өтті.

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі:

«Kaspi рейтингтерінің кезекті өсуі біздің тамаша командамыздың Қазақстандағы жұмыс сапасын тағы растады. Біз сүйікті тұтынушыларымызды өмірді жақсартатын инновациялық қызметтермен ары қарай да қуанта береміз. Kaspi.kz суперқосымшасын ай сайын 12 миллионнан астам қазақстандық пайдаланады. Бізбен бірге болғандарыңыз үшін әрқайсыңызға рахмет!»

Агенттіктің сарапшылары Kaspi өте жоғары табыстылықты сақтайды деп күтеді. ROAE (Орташа меншікті капиталдың рентабельділік коэффициенті) екі жыл бойы 75%-дан жоғары болады. Қажет болса болжанған жоғары табыстылық Kaspi-ге жағымсыз операциялық орта жағдайында ықтимал тәуекелдерді жақсырақ басқаруға көмектеседі.

В учреждениях области Абай провели онлайн-турнир по шахматам

Среди осужденных, отбывающих наказание в учреждениях уголовно-исполнительной системы области...

ӘДІЛЕТ ЖОЛЫНДАҒЫ ОТЫЗ ЖЫЛ

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының 30 жылдығына орай Сот жүйесі –...

Честность, профессионализм и ответственность – основа государственной службы

В Ауэзовском районе Алматы состоялась встреча с государственными служащими,...

Адалдық, кәсібилік және жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің негізі

Алматы қаласының Әуезов ауданында мемлекеттік қызмет, қызметтік әдеп және...

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі

Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан, ұлттық...