№10 мекеме қолдауымен кадет сыныптары құрылды

Жаңа 2022-2023 оқу жылы Жауғашты кентінің №27 мектебінде маңызды оқиғамен басталды, бірінші кадет сыныптары құрылып, салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты № 10 мекемесінің қамқорлығымен, сондай-ақ Іле ауданының білім беру бөлімінің бастығы Лязат Каткееваның қолдауымен, №27 мектептің директоры Айгүл Есемханова «кадет сыныбының  ашылуы туралы» бұйрығын оқып, салтанатты ашылу рәсімін өткізді.

Бағдарламаның негізін қалаушы және авторы Ертай Дәрменқұлұлы Андосов болып табылады. 

Кадет сыныптарының оқушылары мектеп бағдарламасынан басқа дене және саптық дайындықпен айналысып,  әскери жарғыны оқитын болады. Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №10 мекеменің қызметкерлері өз тарапынан кадет сыныбының жас сарбаздарымен үнемі түрлі сабақтар мен іс-шаралар жүргізіп, қолдау көрсетіп отырады.

«Әке жүрегіндегі сағыныш»: сотталғандар балаларына деген сезімдерімен бөлісті

Дүниежүзілік балалар күні қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің...

В учреждении №20 ДУИС по области Абай проведён психологический тренинг

В учреждении №20, подведомственном Департаменту уголовно-исполнительной системы по области...

Арнайы есепке алу бөлімінің қызметі

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекеменің...