12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚАЖ қызметкерлерінің арасында суицидтын алдын-алу

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №57 мекеме басшылығы және қызметкерлерінің арасында «Суицидтын алдын-алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жиын барысында жеке құрам бойынша аға инспектор психологы Гаухар Искакова қызметкерлер арасында кез келген уақытта отбасылық әлеуметтік жағдайларын білу мақсатында тұрақты мекен-жайларына барып, көршілері және отбасы мүшелерімен психологиялық сұхбат жүргізілетіні жайлы, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметкерлерінің атыс қаруын қолдануына байланысты тапсырмаларды орындауда, психологиялық даярлық деңгейін арттыру мақсатында кеңес сұхбат жүргізді.

Оқу-жаттығу атыстары барысында, қызметкерлер қаруды ұстау кезінде эмоционалдық күйзеліс деңгейін төмендетуге, ішкі психологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіруге және ағзаның ресурстарын жинақтауға бағытталған психологиялық өзін-өзі реттеу әдістерін қолдануға үйрету практикаға енгізілуі туралы нұсқау бойынша сауалнама нәтижесімен таныстырып, қару ұстап айдауылға баратын және кезекшілікке түсетін қызметкерлерге психологиялық ұсыныс пен кеңестерді жиі алу қажеттілігі түсіндірілді.

Сонымен қатар, бөлім бастықтары мен мекеме басшыларының назарына, қарамағындағы психологиялық көмекті қажет ететін қызметкерлерді психолог маманның қабылдауына тапсырыс беру туралы ұсыныс айтылып, әрбір психологиялық сұхбат барысы мен диагностика қорытындысы құпия сақталатыны ескертілді.

Сонымен қатар, САТЖБ бөлімінің аға инспектор теологы Ғибрат Абдрасилов діни тұрғыда өз-өзіне қол жұмсау туралы рухани сөздер айтып, өз ойымен бөлісті.

Қорытындылай келе мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Абай Ахметжанов көктем мен күз мезгілінің өзіндік психологиялық ерекшелігі себебінен кез-келген сәтте жағымсыз жағдайлардан сақтанып, қызметкерлер бір-бірлерін қолдап, сақ болуларын талап етті.

В Алматинской области и области Жетісу 74 осужденным предоставлена отсрочка отбывания наказания

В Департаменте уголовно-исполнительной системы по Алматинской области и области...

У истоков. Колледж, где дают второй шанс

Есть люди, которые не просто работают — они становятся...

ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАНДАР РЕСПУБЛИКА КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

25 қазан – Республика күнін Алматы қаласындағы Тергеу изоляторындағы...

Республика күні: №14 мекемесінде гимн шырқалып, спорттық сайыстар өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14...