Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар үшін нашақорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар

Пробация қызметкерлерінің қызметі гуманизм, жалпыадамзаттық құндылықтар, кәсіби құзыреттілік қағидаттарына негізделеді. Осыған байланысты, салауатты өмір салтын насихаттау, қайталап құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жасалуын алдын алу мәселелері пробация қызметінің бірінші кезектегі міндеті болып табылады. Бұл жұмыс жұртшылық пен өзге де ұйымдарды тарта отырып ұйымдастырылады.

12 қыркүйек күні Булаев қаласының орталық кітапханасының «Coworking» орталығында нашақорлықты алдын алуға арналған іс-шара өтті. Оның қатысушылары М. Жұмабаев ауданының пробация қызметінің өкілдері, кітапхана қызметкерлері және есепте тұрған сотталғандар болды. Қатысушылардың назарына «Тұңғиыққа апаратын жол» көрмесі, «Есірткі туралы шындық» фильмінің кинокөрсетілімі, брошюралар, жадынамалар және есірткі мен психотроптық заттарды қолданудың зияны туралы дәріс ұсынылды.

«Мұндай іс-шаралар сотталғандар арасында заңды талаптарды ғана емес, салауатты өмір салтын да сақтауға ықпал етеді. Денсаулық- бұл адамның басты құндылығы және оны салауатты өмір салты арқылы сақтау әркім үшін маңызды. Барлығына темекі шегу, алкогольді ішімдіктер мен есірткі заттарын қолдану сияқты жаман әдеттерден бас тартуды ұсынамыз. Оның орнына спортпен шұғылданып, тамақтануды қадағалауға, ашық ауада көбірек уақыт өткізуге және ұйқы режимін сақтауға кеңес береміз»,- дейді пробация қызметкерлерінің бірі.

СҚО бойынша ҚАЖД
М.Жұмабаев аудандық ПҚ
бастығы
әділет капитаны Д.Абишев

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём пожилых людей

В честь Дня пожилых людей сотрудники женской колонии УИС...

ҚАРТТАРЫМЫЗҒА — ҚҰРМЕТ, АҒА БУЫНҒА — АЛҒЫС!

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облысы...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні...