12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жүргізуші куәлігін жасап беремін деп тұрғынның атынан 3 бірдей несие алған ер адам анықталды

Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде  шағым түсірді. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, ол 2022 жылдың тамыз айында  бейтаныс ер адаммен  танысқан. Содан әңгіме барысында ол  жүргізуші куәлігін тез арада істеп бере алатынын айтып, әбден сендірген.  Осыдан соң  жәбірленуші  бейтаныс ер адамға  жеке куәлігінің көшірмесі мен  250 000 теңге ақша берген. Алайда  1 апта  ішінде бітеді деген жалған уәде 2 айға  созылған. Жәбірленуші не ақшасын, не куәлікті ала алмағаннан кейін, полицейлерден көмек сұрайды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды. 
Алаяқтық қылмысына байланысты полиция қызметкерлерінен тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын ажыратуға кірісті. Нәтижесінде осы жайтқа қатысы бар бұрын сотты болған жергілікті  тұрғын анықталды.  
Белгілі болғандай, күдікті ер адам  жәбірленуші азаматтың сеніміне кіріп, аз уақыт ішінде жүргізуші куәлігін жасап беретінін айтқан. Сондай-ақ   күдікті жәбірленушінің   ақшасын ғана  алып қоймай, оның жеке куәлігі арқылы атынан  3 бірдей несие рәсімдегені анықталды. Жалпы шығын көлемі 3 000 000  теңге. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 
Түркістан облысының полицейлері ескертеді, кез келген адамның күмәнді ұсынысын қабыл алмаңыздар. Оңай жолмен заңсыз қызмет ұсынған  адамның, алаяқ екені белгілі. Сондықтан, сақ болыңыз!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қазақ тілі – ұлттың рухани тірегі

Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық...

Уголовная ответственность несовершеннолетних

Уголовная ответственность — это самый строгий вид ответственности. Она...

Судьялар әдебі кодексі — қоғам талабынан туындаған құжат

Судьялар әдебі кодексі – сот билігінің беделін арттыруға, судьялардың...

Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізудің мәселелері

Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу – құқықтық мемлекеттің маңызды...

Қоғамдық көңіл-күй мен бұқаралық саясатты бағалау мәселелері бойынша онлайн-брифинг өтті

Еуразиялық интеграция институты (ЕИИ) 2025 жылдың қорытындысын шығару контекстінде...