2 тәулікте «Жолда қабылдау» акциясына Түркістан облысының 1000-нан астам тұрғыны келді

9-10 қыркүйек күндері аралығында Түркістан облысының аумағында «Жолда қабылдау» акциясы өтті. Іс-шарада Әкімшілік полиция басқармасы, жергілікті полиция қызметі мен полицияның басқа да құрылым салаларының қызметкерлері тұрғындарға кеңес беріп, құқықтық көмек көрсетті.

Акцияға келушілер, өздерінің полицияға қатысты мәселелерін, ұсыныс-пікірлерін алдын ала жазылусыз, әрбір аудан, қаладағы полиция бөлімдері мен басқармаларының жанынан ашылған азаматтарды қабылдау бөлмелерінде келіп жеткізді.

Атап айтсақ, азаматтарды қызықтыратын мәселелердің көпшілігі көлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәлігін алу, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол белгілерін ауыстыру және әкімшілік айыппұлдарды төлеу, көші-қон заңнамасын сақтау және т.б. болды.

Кейбір азаматтар өз шағымдары мен ұсыныстарын Түркістан облысы ПД-нің ресми парақшасы арқылы жеткізді. Яғни халыққа ыңғайлы болу үшін «Facebook» және «Instagram» әлеуметтік желілерінде «тікелей эфирлер» өткізіліп, онда пайдаланушылар өз сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

Жалпы «Жолда қабылдау» акциясына облыстың 1000-нан астам тұрғыны, сондай-ақ әлеуметтік желі қолданушылары белсенділік танытып, қатысты.

Түркістан облысының полицейлері «сервистік полиция моделін енгізу» мен «жұртқа жақын полиция қағидатын» қалыптастыруда мұндай іс-шаралардың берері мол дейді. Жолда қабылдау» акциясы алдағы уақытта да жалғасады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ӘДІЛЕТ ЖОЛЫНДАҒЫ ОТЫЗ ЖЫЛ

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының 30 жылдығына орай Сот жүйесі –...

Честность, профессионализм и ответственность – основа государственной службы

В Ауэзовском районе Алматы состоялась встреча с государственными служащими,...

Адалдық, кәсібилік және жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің негізі

Алматы қаласының Әуезов ауданында мемлекеттік қызмет, қызметтік әдеп және...

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі

Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан, ұлттық...

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде...