12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотталғандардың әлеуметтік-пайдалы байланыстарын қолдау мақсатында басқа мекемеге ауыстырылуы

Сотталғанды жазаны өтеу үшін қандай да бір мекемеге жіберген кезде әртүрлі факторлар ескеріледі. Олардың ішіндегі ең маңыздысы- әлеуметтік пайдалы байланыстарды сақтау. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын ұстап тұрудың негізгі шарты оның және туыстары тұратын әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жазасын өтеу болып табылады. Сотталған жазасын елдің солтүстігінде өтесе, ал туыстары оңтүстікте тұратын жағдайда бірқатар проблемалар туындайды. Олар: туыстарымен сирек кездесулер, сондай-ақ сәлемдемелер жіберу кезіндегі үлкен шығындар болып табылады.

Мұндай жағдайлар үшін қылмыстық-атқару заңнамасында сотталғанның туыстарымен қарым-қатынас жасау құқығын қамтамасыз ететін бірқатар нормалар қарастырылған. Бұл ретте, егер жазасын өтеп жатқан адамның туыстары тұрғылықты жерін өзгертсе, сотталған туыстарымен байланысты ұстап тұру үшін басқа мекемеге ауысу құқығымен қамтамасыз етілетін болады. Бұл жағдайда ол уәкілетті органға өтініш жазып, туыстарының шынымен көшкенін құжаттармен растауы керек.

Туыстары тұратын облыстың жанында немесе облыстың ішінде орналасқан мекемелерде орын болған жағдайда, ол ауыстырылады.

Осылайша, анасының Қарағанды облысына көшуіне байланысты СҚО бойынша ҚАЖД № 50 мекемесінен сотталған А.ауыстырылды. Қазіргі уақытта 2022 жылдың 8 айдың қорытындысы бойынша бұл отбасының көшуіне байланысты осы мекемеден жалғыз ауысу.

В Алматинской области и области Жетісу 74 осужденным предоставлена отсрочка отбывания наказания

В Департаменте уголовно-исполнительной системы по Алматинской области и области...

У истоков. Колледж, где дают второй шанс

Есть люди, которые не просто работают — они становятся...

ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАНДАР РЕСПУБЛИКА КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

25 қазан – Республика күнін Алматы қаласындағы Тергеу изоляторындағы...

Республика күні: №14 мекемесінде гимн шырқалып, спорттық сайыстар өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14...