Сотталғандар арасында Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін мәнерлеп оқудан жарыс өтті

2022 жылғы 5 қыркүйекте ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай, ЗК-169/4 мекемесінде тәрбие бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен сотталғандар арасында ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан жарыс өтті.

Сотталған азаматтардың қатысуымен болған бұл іс-шарада, олар ақынның өмір жолы мен шығармалары жайында жан-жақты ой қозғады. Олардың бірі өлеңдерін мәнерлеп оқыса, енді бірі ақынның қанатты сөздерінің мағынасын түсіндірді. Мақсат есімді жазасын өтеуші: Мен, кітапханадан ақынның өлеңдер жинағын алып оқыдым.
Ақынның «Маса» жинағына енген өлеңдері- халықты оқуға, өнер-білімге, рухани көтерілуге шақыру, адамгершілікті, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу болып табылады. Маса сияқты ызыңдап, енжар, жалқауларды оятып білімді болуға үндейді. Білімді адамның күні жарық болады. Сондықтан мен де өз-өзімді дамытып, рухани байлығымды арттыру үшін мекеме кітапханасына жиі барып ақын — жазушылардың кітаптарын алып оқимын.

Бұл іс-шараның сотталғандар үшін тәрбиелілік мәні зор болды. Өйткені олар ақын шығармалары арқылы өз-өзін танып, өз міндеріне сыни қарап адамгершілік қасиеттер мен «толық адам » қандай болу керектігі жайлы толғанысқа түсіп, біраз рухани азық алды. Шараға белсене қатысқан сотталғандар мекеме бастығының бұйрығымен марапатталатын болады»,- деді әділет аға лейтенанты Айнұр Абдрашитова.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём пожилых людей

В честь Дня пожилых людей сотрудники женской колонии УИС...

ҚАРТТАРЫМЫЗҒА — ҚҰРМЕТ, АҒА БУЫНҒА — АЛҒЫС!

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облысы...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні...