Мереке қарсаныңда сотталғандар арасында үстел теннисінен жарыс өтті

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты Көксу аудандық пробация қызметі бөлімшесінің қызметкерлері «Конституция күнін» мерекелеу қарсаныңда есепте тұрған сотталғандар арасында үстел теннисінен жарыс өткізді. Жарыс Көксу ауданының спорт кешенінде өтті.

Аталған спорттық іс-шара мақсаты әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ сотталғандар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, сонымен қатар, жарыс сотталғандардың мемлекет алдындағы патриоттық парызын көрсетуге бағытталған.

Қазақстандықтардың «Конституция күнін» мерекелеуге арналған спорттық жарыстарға сотталғандар ерекше мақтанышпен қатысты.

Сотталғандар арасындағы байқаудан кейін аудандық пробация қызметінің қызметкерлері «Конституция күнін» мерекелеуге, сонымен қатар салауатты өмір салтын сақтауға, сотталғандар арасында құқық бұзушылықты сақтау мен алдын алуға, жазасын өтеуден босатылған азаматтарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыруға арналған дәріс оқыды.

«Үстел теннисінен жүлделі орындарға ие болған сотталғандар мақтау қағаздарымен, сонымен қатар бірінші орын алған қатысушыға жарыс кубогы табысталды»,- деп атап өтті пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің бастығы Рашид Ержигитов.

Состоялось мероприятие посвященное Национальному дню домбры

5 июля 2026 года в учреждении минимальной безопасности №21...

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...

Абай облысы бойынша ҚАЖД орташа қауіпсіздік мекемесінде жазғы спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...

Торжественное закрытие летней спартакиады состоялось в учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...