12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Азаматхан ӘМІРТАЙ, саясаткер: САЯСИ ПАРТИЯЛАР – АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЕҢ ҮЛКЕН ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

– Саяси партиялардың белсенділігі сайлау кезінде ғана артып, қалған уақытта бәсеңсіп қалатыны неліктен?

– Бұл саяси партиялардың жетекшілеріне арналған сұрақ. Біздің «Байтақ болашақ» экологиялық альянсы саяси қозғалыс ретінде өз жұмысын 2016 жылы бастады. Сол кезден бастап ешқашан жұмыс қарқынымызды төмендеткен емеспіз. Сайлау кезінде де, одан тыс уақытта да біз жұмысымызды атқарып келе жатырмыз. Өйткені, біз үшін ең басты мәселе – халық талабының орындалуы. Бұл біз үшін әрдайым бірінші орында тұрады. Халық – кез келген мемлекеттік құрылымда ең жоғарғы орында тұрады. Яғни, халықтың талаптарын орындап, әлеуметтік жағдайын түзей отырып қана азаматтық қоғамды дамытуға болады. Азаматтық қоғамды дамытудың одан басқа ешқандай жолы жоқ. Халықтың кедей мемлекетте тұрып, белгілі бір топтың ғана бай-бақуатты өмір сүруі біз үшін керек емес нәрсе. Керісінше, халық орташа тұрып, ал мемлекетіміз бай болса ғана біздің мақсатымыз орындалады.

– Еліміздегі саяси партиялар қазіргі таңда азаматтық қоғамның дамуына қаншалықты үлес қосып отыр?

– Саяси партиялардың азаматтық қоғамның дамуына қосар үлесі зор. Өйткені, қоғамдық бірлестіктер мәселені саяси дәрежеде көтере алмайды. Ал саяси партиялар халықтың қолдауы арқылы нақты нәтижеге жете алатын ұйым болғандықтан мүмкіндігі көбірек. Алайда, саяси партиялар халыққа өзін көрсету үшін бәсекелестік жағдай жасалу қажет. Бұл үшін Қазақстанда тәуелсіз партиялардың болуына жол ашылу керек. Сол арқылы ғана еліміз жетістікке жете алады. Әрине, бұл жерде мәселенің екінші жағы да бар. Көрші мемлекеттер де біздің елде өз мүддесін қорғайтын саяси партялардың құрылуына мүдделі болуы күмәнсіз. Сондықтан ондай партиялардың құрылуына жол берілмеу керек.

– Қоғамдық бірлестіктер мен Қоғамдық кеңестердің жұмысын жандандыруда саяси партиялардың әлеуеті тиімді пайдаланылып отыр ма?

– Қоғамдық бірлестіктер өз дәрежесінде ғана жұмыс істей алады. Ал нақты саяси дәрежеде үлес қоса алмайды. Сондықтан, бұл жерде саяси партиялардың орны жоғары. Мысалы, біздің жаңадан құрылғалы жатқан «Байтақ» саяси партиямызда Халықтық кеңестер құрылып жатыр. Халықты барлық өңірде жергілікті басқару ісіне жұмылдырып, араластырсақ деген ойымыз бар. Бұл үшін қоғамдық бірлестіктердің беделін көтеруге тырысып жатырмыз. Жалпы, саяси партиялар – азаматтық қоғамды дамытудың ең үлкен қозғаушы күші.

– Атқарушы және заң шығарушы билік органдарындағы саяси партия өкілдерінің белсенділігін арттырудың қандай жолдары бар?

– Кеңес Одағы кезінде одақтас өзге республикалар секілді бізде де бір ғана коммунистік партия өмір сүрді. Одан кейінгі 30 жылда суперпрезиденттік мемлекетте өмір сүрдік. Сондықтан бұл жерде тек бір ғана жол бар. Заң шығарушы органдардың халықтық позицияда заң шығаруы үшін азаматтық қоғам мықты болуы керек. Ол мықты болса биліктің негізгі үш саласы да қуатты, ықпалды, тәуелсіз бола алады. Біздің жағдайда сыртқы күштердің араласып кету мәселесі әлі де бар. Сондайларды мұқият қарау керек.

– Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шілдедегі «Саяси партиялар туралы» заңы Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстанды құру» бағдарламасына қаншалықты сай?

– Қолданыстағы заңда саяси партияларды құруға қатысты талап өте жоғары. 40 мың қол жинау, әр өңірде 600 мүшесі болу және мың адамға съезд өткізу деген сияқты. Бұл жағдайда, былайша айтқанда, бізде жаңа партия құру мүмкін емес. Саяси партия құрам деген адамдар оны құра алмайды. Сондықтан оны саяси реформаларды жасауға кедергі жасап отырған заң деп айтуға болады. Халықтық партиялар болмағандықтан бізде кезінде біржақты саясат жүріп, экспрезиденттің жанұясы билікке араласып, олигархтар монополия жүргізді. Сол себептен экономикамыз тиісті деңгейде дамымай, әлеуметтік жағдай да түзелмеді. Біз одан әзірге сабақ алып отырған жоқпыз.

– Сұхбатыңызға рақмет.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам»...

Полицейлер дүкен кассасынан ақша ұрлығын тергеуде

Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында бөтеннің...

Жалған хабарлама: полиция жарылғыш зат туралы хабарлаған кәмелетке толмаған баланы тапты

Түркістан облысында полицияға белгісіз адамнан қоңырау келіп түсті. Онда...

В Алматинской области врачи из Турции провели мастер-класс

В Алматинской региональной многопрофильной клинике прошел мастер-класс, во время...