12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Блогер Балхия Балтабайдың тойы ерекше өтті

Кеше Алматыдағы ең танымал мейрамханалардың бірінде танымал блогер, психолог, кәсіпкер Балхия Балтабайдың тойы дүрілдеп өтті. Соңғы жылдары қазақ қыздарына ислами психология тақырыбында тренингтер өткізіп, халық көңілінен шыға білген блогердің таңдауы Мұрат Анарбек есімді жігітке түсіпті. Он екі жыл бұрын сезімін білдірген жігіттің ұсынысын енді қабыл алған Балхия Балтабай ханым әлеуметтік желідегі парақшасында тойдың ерекше өтетінін алдын ала айтқан болатын. 

Расында да, той қонақтарына тост берілмей тек ойын ойнатылып, қонақтарды билетіп, эстрада жұлдыздарының ән шашуымен өткен тойдың шоу түрінде айрықша өткені байқалады. Тоқтар мен Бейбіт, Қуандық Рахым, Бүркіт пен Аиша, жастардың сүйікті тобы Калифорния секілді эстрада жұлдыздары да тойда өнгер көрсетті. Той тізгінін белгілі асаба Ерлан Құлшынбаев қолға алып, той көрігін қыздыра түсті.

Атап өтер жайт осы уақытқа дейін қайырымдылық істерімен жиі айналысатын блогер халықтың да сүйіктісіне айналғаны соншалық жас жұбайлардың тойына еліміздің түкпір түкпіріндегі халық қызығушылық танытқан. Сондықтан жас жұбайлардың тойын алыстан болса да тамашалауға тырысып тікелей эфирді ақылы көруге тырысқан, сүйікті қыздарының тойына шашу шашқан халық та көп болған. Алайда блогер тойға түскен қаржыны түгелімен Түркістан облысының Арыс қаласында салынып жатқан мешіттің құрылысына аударуды шешкен. 

Сондай-ақ жас жұбайлар тойда ата-аналарына, бірнеше той қонақтарына Ұмраға қажылыққа жолдама сыйлады. Белсенді той қонақтарына ақша мен алтын таратқан жас жұбайлардың той қонақтарының көңілін барынша тапқысы келгенін байқауға болады. 

Жаңаша форматта, сауапты амалдары молынан, ерекше өткен тойды әлеуметтік желілер де көп талқылауда. 

В области Жетысу введены в эксплуатацию новые объекты для повышения качества онкологической помощи

Сегодня в Областной многопрофильной клинике торжественно открыты новое здание...

Жетісу облысында онкологиялық көмектің сапасын арттыру бағытында жаңа нысандар пайдалануға берілді

Бүгін Облыстық көпсалалы клиникада күндізгі стационардың жаңа ғимараты және...

Татуластыру рәсімдерінің тиімділігі

Қазіргі сот жүйесінде дауларды тек қана шешіп қою емес,...

Тіл тағдыры – ел тағдыры

Тіл – ұлттың рухани негізі, елдіктің басты белгісі. Қай...

НОВЫЕ ТРЕБОВАНИЯ ПО НДС

В ВКО УСПЕШНО РЕАЛИЗУЕТСЯ ПРОЕКТ «БИЗНЕС И НАЛОГИ». В...