Кәсіби спортшылардың қатысуымен әйелдер колониясында спартакиаданың жабылуы өтті

Алматы облысы мен Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/4 әйелдер мекемесінде «Birlik Alemi — 2022» жазғы спартакиадасының салтанатты жабылу рәсіміне кәсіби спортшылар, Әлем, Азия және Қазақстанның атақты чемпиондары қатысты.

Алматы облыстық мәслихатының депутаты, джиу-джитсудан спорт шебері, грэпплингтен Азия чемпионы Нұрсұлтан Орынбасаров пен бокстан спорт шебері, Әлем чемпионы Еділ Қожамбердиев «Спартакиададағы шығармашылық жетістіктер» кубогы үшін спорттық элементтері бар бидің концерт — конкурсына қатысты.

Құрметті қонақтар жеңімпаздарға грамоталар, медальдар, кубоктар мен бағалы сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ, спорт көшбасшылары мекеме жанындағы «Балалар үйінің» сотталған әйелдерінің балаларын назардан тыс қалдырмай, оларға ылғалды сулықтар, памперстер және балалар тағамы түрінде гуманитарлық көмек көрсетті.

«Біз мекемеге алғаш рет келіп отырмыз, концерттің ұйымдастырылуына, қатысушылар мен көрермендердің ауқымдылығына, би қойылымына таңданып, таң қалдық. Әйелдер өздері жасаған реквизиттеріне, бутафория және қолдан тіккен костюмдерін жеке бөліп айтқымыз келеді. Әйелдерге мықты денсаулық және тезірек босап шығуларын тілейміз. Өз тарапымыздан біз сотталған әйелдерге гуманитарлық көмек және қолдау көрсетуге уәде береміз», — деп атап өтті спорт шебері Нұрсұлтан Орынбасаров.

Кәсіби спортшылардың қатысуы және іс-шараны ұйымдастыру салауатты өмір салтын таңдауға ынталандыру ғана емес, сонымен қатар сотталған әйелдер арасында мәдениет пен спортты дамытуда жақсы үлгі болып табылады.

Казахстан продвигает финансирование технологий будущего и расширяет доступ к инвестициям в рамках Банка развития ШОС

Казахстан продвигает приоритеты финансирования технологий будущего в рамках создаваемого...

“ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕ ТУҒАНЫМА МАҚТАНАМЫН”

Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан...

ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІ ОТБАСЫМЫЗДАН БАСТАЙЫҚ!

Татулығы жарасқан елімізде барлық ұлттың өкілдері бір үйдің баласындай...

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық ақпарат берілді

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық және тәрбиелік ақпарат...

Имамдармен кездесу: интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері талқыланды

"Анти-фрод" Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Түркістан облысы полиция...