12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Кең болсаң, кем болмайсың»

Ұрпағын жақсы іске тәрбиелеген халқымыз кешірімді, кең болуға үндеп, сөз бен дау қуудың зардабын мейлінше ұғындырып кеткен. «Дау қуған пәлеге жолығады», «Кең болсаң, кем болмайсың» дегенді ұрпақтан ұрпақтың санасына сіңіруге тырысқан тағылымды әрекеттің астарында жылдар бойы қалыптасқан қазақы тәрбиенің озық үлгісі жатыр. Осы әдемі өнеге қазақтың ежелгі заңдарының да күретамырына айналған. Сонау Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Тәуке ханның Жеті жарғысының қай-қайсысын алсаңыз да, дауды бейбіт бітіруге, тентекті түрмесіз-ақ түзетуге, ел ішіндегі татулықты сақтауға деген ізгі тілектің жатқанын аңғармау мүмкін емес.

Тарихтың тамырынан бастау алған осы заңдардың бәрінің мақсаты бір — дауды
бітімгершілікпен бітіру. Көненің көзіндей болған бітімгершілік дәстүрін бүгінде мейлінше жиі қолдануға қадам жасалуда. Бұл мәселе республика судьяларының съезінде бірнеше рет көтерілгені белгілі. Отандық соттардың жоғары жүктемемен
жұмыс істеп отырғанын, бұл судьяларға ауыр екенін, әрі дау қуып сот жағалап
жүру тараптарға да тиімді еместігін алға тартқан әріптестеріміз осы жиындарда
дауды соттан тыс шешудің балама әдістерін енгізудің кезек күттімейтінін айтқан болатын. Көпшілік талқысына түскен толғақты мәселе кейін таразы басына салынып, ізінше «Медиация туралы» заң қолданысқа енгізілгені есімізде.

Медиация туралы заңның мақсаты үлкен болғанымен, алғашқы кезде
көпшіліктің қолдауына ие бола қойған жоқ. Әрине, бітімгершілік қазақтың
қанында бар. Дегенмен, медиация, медиатор деген сөздер қазақы түсінікке жат
еді. Содан болар, медиаторлардың кәсіби шеберлігін көтеріп, медиацияның насихаты жасалғанымен, медиативтік келісімге келушілер қатары өсе қоймады. Қателіктен сабақ ала отырып, бұл бағыттағы жұмыстар уақыт өткен сайын ілгерілей берді. Соның нәтижесінде заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, тараптарды татуластырумен енді тек медиаторлар емес, адвокаттар, нотариустар, Билер кеңесі, ақсақалдар алқасы да айналыса алатын болды. Бұл қатарға сонымен қатар халықтың сұраныс-тілегі ескеріле отырып татуластырушы судьялар да қосылды. Осылайша, бүгінде өзара татуласып, бітімге келетіндер, партисипативтік келісімге келетіндер қатары өсті. 2018 жылдың басында Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановтың
бастамасымен сот жүйесін одан әрі дамыту мақсатында жеті басым міндет айқындалған болатын. Сол маңызды жобаның бірі – «Татуласу: сотқа дейін, сотта» деп аталды. Бұл бастаманы қолға алудағы негізгі мақсат — қоғамдағы даукестіктің деңгейін төмендету, халықтың татуласуға, дауды бейбіт шешуге қатысты санасын өзгерту және дауларды келісім арқылы тиімді шешу мүмкіндігін жоғарылату. Осы бағдарлама шеңберінде көптеген игі істер қолға алынды. Аз ғана уақыт ішінде республикада 46 татуласу орталығы мен 1000- нан аса татуластыру кабинеттері жұмысын бастады. Орталықтардың жұмысы бірте-бірте жолға қойылды. Соның арқасында ел ішіндегі сотқа кез келген себеппен бара беретін дағды өзгерді. Тараптар сот медиациясының арқасында екі жаққа да қолайлы келісімге келу мүмкіндігі барын түсінді. Әрине,
орталықтар жұмысын ұйымдастыру, халықтың санасын өзгерту оңай шаруа емес. Дейтұрғанмен, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, жоба бойынша атқарылған іс-шаралардың оң нәтиже бергені қуантады.

Ильяс Қосаев,
Алматы қаласы
Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...