СҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері қаруды заңсыз сақтаудың 2 фактісін анықтады

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің ведомстволық бағынысты мекемелері атыс қаруына байланысты қылмыстарды ашу бойынша жұмысты жандандырды, оның барысында «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілуде.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «ЕС-164/3 мекемесі» РММ жедел бөлімінің қызметкерлері ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметкерлерімен бірлесіп қаруды сақтаудың заңсыз фактілері туралы ақпаратты анықтады.

Көрсетілген ақпарат өзара іс — қимыл және одан әрі жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу шеңберінде процестік шешім қабылдау үшін тиісті органға жіберілді. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 2 атыс қаруы табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне
енгізілді, оның аясында қажетті тергеу әрекеттері кешені жүргізілуде.

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында футболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...