Мемлекет басшысы Ыдырысовты қызметінен босатты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Ыдырысовты Қазақстанның Ұлыбританиядағы және басқа бірқатар елдегі елші қызметінен босатты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды», — делінген хабарламада.

Ыдырысов 2017 жылдың ақпанында Қазақстанның Ұлыбританиядағы және Солтүстік Ирландиядағы елшісі болған еді.

Кассациялық сот – маңызды реформа

Кассациялық сот – соттардың заңды дұрыс қолдануын тексеретін жоғарғы...

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – басты міндет!

Сыбайлас жемқорлық – мәртебесі мен даму деңгейіне қарамастан барлық...

Апостиль – ресми құжаттарға қойылатын мөртаңба.

Апостиль – бұл жай ғана мөр емес. Ол –...

Ко Дню Астаны в учреждении средней безопасности области Абай состоялась выставка изделий осужденных

В учреждении средней безопасности, приуроченная ко Дню Астаны, состоялась...