Алматы облысында «Абайдың ақын ұлдары» кітабының тұсаукесері өтті

10 тамыз — Абай күні. Алматы облысында атаулы датаға орай мерекелік шаралар ұйымдастырылды.

Жаңалық ауылындағы аштық және саяси қуғын сүргін құрбандарына арналған музейде кеш өтіп, Абайдың қуғын-сүргінге ұшыраған ұрпақтары жайында сыр шертілді.

Игі шараға жиналған зиялы қауым Абай – ұлт болмысын танудың алтын кілті, қазақ дүниетанымының заңғар шыңы дей келе Ұлы тұлға жайлы ұлағатты әңгімелердің тиегін ағытты.

Кеште Абай күніне орайластырылып, «Абайдың ақын ұлдары» атты еңбектің тұсауы кесіліп, оқырманға жол тартты. Кітапта дала данышпанының дара, талантты ұлдары Ақылбай, Мағауия және Тұрағұл немересі Әубәкір Ақылбайұлы жайлы зерттеулер зерделенген.

Айта кетерлігі тұңғышы Ақылбай мен Мағауия аты әйгілі бір талай көркем дастан поэмалар жазған. Ал, Тұрағұл қара сөздің хас шебері болған. Бұдан бөлек аудармашылығы да бір төбе. Немересі Әубәкірдің өлеңдерінде Абай үлгісі сайрап жатыр. Ол сатиралық өлеңдерімен бірге тарихи шығармаларға бет бұрып, көлемді дастандар жазған.

Кеңестік кері саясаттың тас құрсауы кемеңгер ұрпақтарын да айналып өтпеген.

«Бүгінгі шараның бұл музейде өтуі де тегін емес. Мен білетін Абайдың немере інісі Шәкәрімнен бастап, 14 ұрпағы қуғын көрген. Қысқасы кеңес өкіметі Абай ұрпақтарына теріс қараған. Ал енді бүгінгі жастар абай армандағандай білімді білікті болу керек қой», — деп атап өтті жазушы Болат Жүнісбеков.

Шара соңында қонақтар музейді аралап, экспонат естеліктермен танысты.

Айта кетерлігі Алматы облысында сондай-ақ, «Абай әндері» атты «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің концерті, «Үмбетәлі жырларындағы – Абай бейнесі» атты жиыны, «Хантәңірі» халық театрының «Телғара» фильм-спектаклінің қойылымы, «Абай – жыршы, ұлы ақыны елімнің» атты поэзия кеші сынды шаралар 17 тамызға дейін жалғасын таппақ.

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...