12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

СҚО бойынша ҚАЖД «ЕС-164/6 мекемесі» РММ-де сотталғандар арасында жазғы спартакиаданың жабылуы өтті

Қылмыстық-атқару жүйесінің маңызды міндеті сотталғандарды тәрбиелеудің және түзеудің неғұрлым жетілдірілген нысандарын іздеу болып табылады. Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандар бейімделу кезеңінен өтеді, әлеуметтік шиеленісуді және психологиялық жай-күйдің жайсыздығын сезінеді. Сотталғандардың дене жағдайын босату, ұжымшылдыққа тәрбиелеу, рухани даму және салауатты өмір салтын қолдау үшін мекемеде тұрақты негізде түрлі мәдени-бұқаралық, тәрбиелік, спорттық іс-шаралар өткізіледі.

Осындай іс-шаралардың бірі әртүрлі спорт түрлерінде сотталғандар өзара жарысатын жыл сайынғы жазғы спартакиада болып табылады. «Жазғы спартакиада-2022» 2022 жылдың 15 шілдесінде басталды. Бір ай бойы командалар волейбол, армреслинг, жеңіл атлетика, үстел ойындары және т.б. бойынша бір-бірімен жарысты. 2022 жылдың 15 тамызында іс-шараның салтанатты жабылуы өтті, жарыстың қорытындылары шығарылып, жеңімпаздар мен қатысушыларға грамоталар мен сыйлықтар табыс етілді. Іс-шара командалардың спорттық — би нөмірлерімен өнер көрсетуі түріндегі мәдени-ойын-сауық бағдарламасымен сүйемелденді.

Барлық өткізілген жарыстардың қорытындысы бойынша спартакиадада бірінші орынға «Бугатти» командасы ие болды. Жазғы спартакиаданың жабылуына Қазақстан Республикасының «Сурдо» жеңіл атлетикадан аға жаттықтырушысы Фоленвейдер Станислав қатысып, барлық командаларға естелік сыйлықтар табыстап, сотталғандарды жылы лебіздерімен және құттықтау сөздерімен қолдады.

«ЕС-164/6 мекемесі» РММ
сотталғандар арасында тәрбие және
әлеуметтік-психологиялық жұмысы бөлімінің бастығы
әділет майоры
О. Вышар

Астана қаласы бойынша ҚАЖД №2 мекемесінде Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қазақстан Республикасында 7 мамырда атап өтілетін мемлекеттік мереке —...

В учреждении №2 ко Дню Защитника Отечества состоялся праздничный концерт

В честь государственного праздника – Дня Защитника Отечества, который...

Әйелдер түзеу мекемесінде ұлы жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

Ұлы Отан Жеңісінің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы ІІМ...