12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Электрондық бақылау құралдары 12 сотталғанға қатысты қолданылды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 «Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес пробация қызметі есепке алынған тұлғаларға қатысты тиісіті пробациялық бақылауды қамтамасыз ету үшін электрондық бақылау құралдарын пайдалануға құқығы бар. Жазаны өтеу шарттары мен тәртібін бұзатын, сондай-ақ бірнеше ескертулері бар сотталғандар электрондық қадағалауға алынатын болады.

Қызылжар ауданының пробация қызметі бөлімі жазаны өтеу шарттары мен тәртібін жүйелі түрде бұзған 12 сотталушыға қатысты алғаш рет электрондық бақылау құралдарын қолданды. Пробация қызметінің қызметкерлері сотталғандардың жүріп-тұруы туралы барлық деректерді компьютер немесе смартфон арқылы бақылай алады.
«Сотталғандарды қашықтықтан бақылау жүйесі қайта қылмыс жасау қаупін азайтуға мүмкіндік береді, себебі есепке алынған адам режимді бұзған жағдайда сигнал дереу жауапты инспектордың компьютеріне түсетінін біледі», — деп атап өтті Қызылжар ауданының ПҚБ бастығы әділет подполковнигі Ерлан Темірханұлы Арынғазинов.

СҚО бойынша ҚАЖД
Қызылжар ауданының
пробация қызметінің аға инспекторы
әділет капитаны
О.Григорьева

Сотталғандармен психологиялық жұмыс: қорқыныштың алдын алу сессиясы

Абай облысындағы №21 мекемеде сотталған азаматтармен психологиялық қолдау жұмыстары...

Облыс прокуратурасының қызметкерлері жаза өтеудегі тұлғалармен кездесу өткізді

«Заң мен тәртіп» қағидаты және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-жылдық...

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мәдени іс-шара өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне...