12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«ОВ-156/20 Республикалық мемлекеттік мекемесінің» қызметкерлері бас бостандығынан айырылған азаматтармен Абайдың қара сөздеріне талдау жасады

10 тамыз — ұстаз, ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының туған күні.

Абай — либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Абай Шығыс пен Батыс мәдениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» – тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.

Абайдың туған күні – 10 тамызда Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің «ОВ-156/20 Республикалық мемлекеттік мекемесінің» қызметкерлері бас бостандығынан айырылған азаматтармен Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі — қара сөздеріментанысып, оларға талдау жасады.

Пікірталас кезінде, шараға қатысушылар Абайдың қара сөздері (Ғақлия) — ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы болып табылатыны сөзсіз екені деген қорытындыға келді. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.

Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.

Аталмыш шара қатысушылар тарапынан қызық талдау мен ізденіс тудырды.

Сауран аудандық пробация қызметінің есебінде тұратын сотталғандар да «Таза Қазақстан» акциясына белсене атсалысуда

Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында...

Келес аудандық пробация қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене атсалысуда

Адам – табиғаттың төл перзенті. Халқымыз көктем келісімен ауласын...

Қақпа алдында кездесу

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің...