Қытайдан шыққан жаңа вирус: қызба, шаршағыштық, жөтел

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК өкілдері жаңа «Ланъя» генипавирусы туралы не белгілі екенін және Қазақстанда вирусты жұқтыру жағдайлары тіркелмегенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ВАК мәліметінше, «Ланъя» вирусы алғаш рет төрт жыл бұрын геномдық зерттеу нәтижесінде табылған. Болашақта екі жыл ішінде Қытайдың екі провинциясында тағы 35 адамнан осындай вирусты тапқан. Науқастарда келесі белгілер байқалады: қызу, шаршағыштық, жөтел, миалгия, жүрек айну, бас ауруы, тәбеттің болмауы.

«Бұл зоонозды инфекция, яғни адамдар ауру жануарлардан вирус жұқтырады. Вирусқа антиденелер үй жануарларында – ешкілер мен иттерде анықталды. Жабайы табиғатта вирус шіркейлерде кездеседі. Қазақстанда «Ланъя» вирусын жұқтыру жағдайлары жоқ», — делінген хабарламада.

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі – мемлекеттік тіл ретінде...

РАЗДЕЛ СУДЕБНАЯ ВЛАСТЬ

К 5-летию административной юстиции ​Наступивший 2026 год для казахстанского правосудия...

ХИТУ колледжінде өткен «Колледж күні» кәсіби бағдар алаңына айналды

2026 жылдың 20 мамырында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің колледжінде «Колледж...

Масаң күйде көлік тізгіндеу қоғамға қауіпті

Қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – масаң күйде көлік...

Прием заявлений о преступлениях

Порядок приема заявлений об уголовных правонарушениях регламентирован Правилами приема...