ҚАТАҢ ЖАЗА ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ АЗАЙТАДЫ

Жақында Алматы қалалық мәслихатының депутаты Бекбол Батыржанұлы Рамазан мен Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент маманы Рашид Болатұлы Супуғалиев Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекеме қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселесі талқыланды.
Жемқорлыққа қарсы әрекеттің бірі – Қазақстан Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың бастамасымен жемқорлыққа қатысты қолданылатын жазаның қатаңдатылғаны. Соның бірі – сотталған жемқорларға қатысты мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күші жойылғаны. Сыбайластыққа қарсы күресті күшейту мақсатында өткізілген жиында ел дамуына нұқсан келтіретін кеселдің алдын алуға Алматы қаласы бойынша ҚАЖД қарасты мекеме қызметкерлері де өзіндік үлес қосып келе жатқаны тілге тиек болды.
«Жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу өз нәтижесін беруде.

Жұмыс барысында біз ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа апаратын себептерді анықтай отырып, қызметкерлерді адал жұмыс істеуге шақырамыз. Бүгінде қылмыстық-атқару жүйесі саласының қызметкерлері де аталған салада қызмет өткерудің артықшылықтарына ие болуда. Қызметкерлерге жоғары басшылық тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлықтың нәтижесінде жеке құрам арасындағы жемқорлық фактілері де жыл сайын азайып келеді»-деді кездесуде сөз сөйлеген Алматы қаласы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары әділет полковнигі Е.Ұзақов.

Қазақстандық оқушылар BilimClass журналы арқылы мұғалімдерге виртуалды гүл шоқтарын сыйлай алады

BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ерекше науқан бастады Оқушылар...

Казахстанские школьники смогут дарить виртуальные букеты учителям через журнал BilimClass

Электронный журнал BilimClass запустил трогательную акцию к 25 мая Школьники...

Әскери ант қабылдау рәсімі болды

2026 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі...

Алматылық хирургтар екі кезеңнен тұратын күрделі ота жасап, үлкен псевдокистаны алып тастады

Науқас бұған дейін ұйқы безінің күрделі қабынуымен ауырып, салдарынан...