12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қызылордада 62 сотталған вакцинаның төртінші компонентін алды

Қызылорда облысының түзеу мекемелерінде екпе салудың төртінші кезеңі жүргізілуде. Екпе салудың алғашқы күнінде ЗК-169/4 мекемесінде 62 сотталған адам вакцинаның төртінші компонентін алды. Алдымен №3 емхана дәрігер мамандары сотталғандарға егу препараты туралы ақпараттық түсіндірме жұмысын жүргізіп, денсаулығын тексерген соң, сотталған сауалнама толтыру арқылы өздерінің екпеге келісетіндігін білдірді.
Алғашқылардың бірі болып вакцинаның төртінші компонентін ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Болат есімді сотталған алды. Ол өзінің осы мекемеде жазасын өтеп жүріп вакцинацияның үш компонентін алғанын , бүгін төртіншісін алып тұрғанын айтты.

Темір торда отырсам да, қоғамда қайта белең ала бастаған қауіпті індеттің таралуына алаңдаулымын. Денсаулық адамның бірінші байлығы.Сол үшін өзімнің және өзгелердің денсаулығына қауіп келтірмеу мақсатында «Inactivated» вакцинасын салдырдым. Жаза мерзімімнің аяқталуына тоғыз ай уақыт қалды. Екпені өзім үшін отбасымның амандығы үшін алып отырмын. Бұған дейін салынған екпеден ешқандай жанама әсері байқалмады»,- деді сотталған азамат. ҚАЖ департаментінің сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету тобының санитар дәрігері Шаймбетова Меруерттің айтуынша, COVID-19-ға қарсы вакцина облыстағы түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың келісімімен салынады. Мекемеге сот үкімімен жаза өтеуге жіберілген сотталғандардың арасында екпенің бірінші компонетін алып жатқандар да бар. Үшінші екпені салдырған соң 6 ай өткен сотталғандар төртінші компонентін салдыртып жатыр. Қазіргі кезде, коронавирустық инфекциясының тіркелуі бойынша Қызылорда облысы жасыл аймақта тұр. Дегенмен, сотталғандар тарапынан екпені қарсылықсыз салдыртып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарайтындар қатары көптігі қуантады.


Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Астана қаласы бойынша ҚАЖД №2 мекемесінде Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қазақстан Республикасында 7 мамырда атап өтілетін мемлекеттік мереке —...

В учреждении №2 ко Дню Защитника Отечества состоялся праздничный концерт

В честь государственного праздника – Дня Защитника Отечества, который...

Әйелдер түзеу мекемесінде ұлы жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

Ұлы Отан Жеңісінің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы ІІМ...