Абай облысында Отан алдындағы борышын өтеуші сарбаздармен психологиялық тренинг өтті

Қылмыстық-атқару жүйесі Комитеті мекемелері мен Ұлттық ұлан Жоғарғы қолбасшылығының өзара іс-қимылы аясында қатаң режимді колония психологы, әскер қатарындағы 1-2022 шақырылым сарбаздары арасында психологиялық жұмыс жүргізді. ШҚО бойынша ОВ-156/14 мекемесінің тәжірибелі психологы Алтынай Құрманғалиева екі сағаттан астам психодиагностикалық: қатысушылардың эмоционалдық жағдайын анықтауға арналған түрлі тесттер, «Сілбі» тренинг жаттығуы, сауалнама карточкаларымен жұмыс жүргізді. Бұл кезеңде шақырылғандар арасында суицидтік реакцияларға бейімділік анықталған жоқ және олардың бейімделу кезеңі «тұрақты» нормаға бағаланды.

«Маған бұл маманның жұмысы қатты ұнайды. Әр қатысушыға жеке көңіл бөлу, оған командалық жаттығуларды ұйымдастыруға кедергі болмады. Ұжымдық ұйымшылдықты дамытуға арналған «Сілбі» тренинг жаттығуы сарбаздардың ұйымшылдығымен өз мақсатына жетті. Жауынгерлердің психофизиологиялық жағдайын, күйзеліске төзімділігін, белсенділігі мен коммуникативті дағдыларын жоғары сенімділікпен анықтау үшін «Люшер» түстер сынағы жүргізілді, сонымен қатар психологпен зейінділік пен белсенділікке арналған жаттығулар жасалды. 1-2022 жылғы шақырылымдағы барлығы 48 сарбазбен аталмыш жұмыстар жүргізілді», — дейді рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтар жөніндегі орынбасары Бекжігіт Жанатбек.

Еске салайық, 2011 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан қызметкерлері түзеу мекемесінің аумағын күзетіп қана қоймай, түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды олар тұратын және жұмыс істейтін орындарында, олардың жүріс-түрыстарын қадағалап келеді. Ал осы бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыру үшін, Алтынай Құрманғалиеваның атқарып жатқан жұмыстардың маңызы зор.

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...