spot_img
spot_img

Петропавлдағы әйелдер колониясында «Кітаптар әлемінде» зияткерлік ойыны өткізілді

Кітап оқу-көптеген сотталған әйелдердің негізгі хоббиінің бірі. Олардың көпшілігі үшін «Абай жолы» немесе «Война и мир»сияқты атақты кітаптарды оқу қиынға соқпайды. Кітап оқудың арқасында адамның ой өрісі кеңейіп, эмоционалды интеллект, есте сақтау және ойлау дамитыны бәріне белгілі. Сондай-ақ, бұл уақытты өткізудің және білім байлығын толтырудың ең тиімді тәсілі.

Жыл сайын 9 тамызда атап өтілетін Дүниежүзілік кітапқұмарлар күні қарсаңында «ЕС-164/6 мекемесі» РММ-де «Элегия» әдеби клубы ұйымдастырған «Кітаптар әлемінде» зияткерлік ойыны өткізілді. Жеребе тастау арқылы сотталғандар екі топқа бөлінді- «Даналар» және «Әдеби ханымдар». Ойын 4 негізгі кезеңнен тұрды. 1 тур-3 минут ішінде авторларды жазушылар мен ақындарға бөліп, екі сөреге 30 кітапты тарату; 2 тур-атақты классиктердің шығармаларынан үзінділерді табу; 3 тур-әдеби шығармадан эпизодты қайталау; 4 тур-ұсынылған 20 сөзден дәйексөзді ойлап құрастыру. Сотталған әйелдер әр тапсырмаға байсалдылықпен қарады. Ойын барысында олар оқыған кітаптарын еске алып қана қоймай, бұрын оқуға қызығушылық танытпаған басқа сотталғандарды да қызықтырды. Ойын қорытындысы бойынша «Әдеби ханымдар» жеңіске жетті.

«Әр команда өзінің тапқырлығымен, тіл байлығымен, шығармашылығымен ерекшеленді және бұл таңқаларлық емес. Кітапханадағы кітаптардың көпшілігі оқылып, үнемі жаңаларымен толықтырылып отырады. Сотталғандар оқуға үлкен қызығушылық танытады», — дейді мекеме кітапханасының қызметкерлері.

Жасақ бастығы
әділет аға лейтенанты
Казжанова Т.

В Алматинской области и области Жетісу 74 осужденным предоставлена отсрочка отбывания наказания

В Департаменте уголовно-исполнительной системы по Алматинской области и области...

У истоков. Колледж, где дают второй шанс

Есть люди, которые не просто работают — они становятся...

ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАНДАР РЕСПУБЛИКА КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

25 қазан – Республика күнін Алматы қаласындағы Тергеу изоляторындағы...

Республика күні: №14 мекемесінде гимн шырқалып, спорттық сайыстар өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14...